Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НҰРҚАДІЛОВКЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТУ - ТАРИХИ ӘДІЛДІК ПЕ?

c 00:46, 18/01 c 46

0:00 / 0:00

Көзі тірі болса биыл белгілі мемлекет қайраткері, қоғам мойындаған саяси тұлға Заманбек Нұрқаділов 80 жасқа толар еді. 1944 жылы Алматы облысы Кеген ауданында дүниеге келген. Марқұм тәуелсіз Қазақстанның орнығуына ерен еңбек сіңірген қайраткер. Тіпті экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді үзеңгілесі болды. Алматы қаласының әкімі де болды. Қазақстандағы ең беделді саяси қайртакерлердің біріне айналды. Алайда, Нұрқаділов 2000 жылдары биілікті сынап, оппозицияға бет бұрды. Сол кездегі Президент Назарбаевты ашық сынай бастаған еді. 2005 жылы Заманбек Нұқаділовтің денесі өз үйінде табылғаны мәлім. Оған үш жерден оқ тигені белгілі болды. Екі оқ кеудесіне, бір оқ шекесіне тиген деген ресми ақпарат тарады. Осылайша Нұрқаділов өз-өзін атқан болды. Енді араға 19 жыл салып, марқұмды ұлықтау қолға алынып жатыр. Оның 80 жылыдығына арналған астағы басты жаңалық- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Заманбек Нұрқаділовке өзі туған Кеген ауданында ескерткіш орнату және Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш-тақта ашу туралы шешімі болды. Қоғам бұл шешімді жақсы қабылдады. Ал ескі биліктің қарсыласы болған Нұрқаділовті ұлықтау-тарихи әділдікті орнату болып табыла ма? Марқұмның өліміне қатысты қылмыстық істі қайта қарау керек пе?

Өздеріңізге мәлім, Нұрқаділовтің ұлы Қайрат әкесінің жұмбақ өліміне қатысты бас прокуратурадан істі қайта қарауды сұрағанды. Алайда, прокуратура тарапынан «оған негіз жоқ» деген жауап келген еді. Ал Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш ортанамыз деп жатқанда, елді 30 жыл басқарған экс –президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қойылған ескерткіштер алынып тасталып жатыр. Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің алаңынан тұңғыш президенттің ескерткіші алынып тасталып, оның мүсіні қоймада жатқаны туралы әлеуметтік желіде фото тарағанды. Мәжілісмендер көзі тірісінде ескерткіш орнатқан дұрыс емес деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.