Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НЕГЕ ЖЕР СІЛКІНІСІ ТУРАЛЫ АЛДЫН -АЛА ХАБАРЛАНБАДЫ?

c 23:27, 23/01 c 47

0:00 / 0:00

Алматы қаласынан 264 шақырым жерде Қырғызстан және Қытай шекарасында орын алған жер сілкінісі қазақстандықтардың үрейін туғызды. Әлеуметтік желіде Алматыда жер тербелді, бәріміз сыртқа шығып кеттік. Үйдегі жиһаздар мен аспа шамдар қозғалып жатыр деп жарыса жазған жазбалар, фото-видеолар тарады. Жер сілкінісінен үйрейленіп қалған халық үстінде бар киімімен далаға шығып кеткен. Тіпіт көліктеріне отырып өаладан жаппай кете бастаған. Көшелерде көлік кептеліс болып, жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасты. Сондай-ақ, такси бағасы да шарықтап, 5 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін көтерілді деп жазып жатыр желіде. Алматылықтардың айтуынша, жерасты дүмпуі осы жолы қатты сезілді. Ұзақ уақыт бойы шайқалған. Төтенше жағдайлар министрі 3 сейсмикалық оқиға тіркелді. Алматы, Шымкент қалаларында, Жамбыл облысында және Жетісу облысында сезілді дейді. Тіпті әлеуметтік желіде астаналықтарда жер сілкінісінің толқынын сезгенін жазып жатты. Бас құтқарушының айтуынша, Алматы қаласының аумағында қатты және жойқын жер сілкінісі болмай. Осыған байланысты өңірлердің тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуге шақырды.

СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ – ҚР ТЖМ «Сейсмикалық болжау комиссиясының өткізілген отырысына сәйкес Алматы қаласының аумағында қатты және жойқын жер сілкінісі болмайды. Осыған байланысты өңірлердің тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуін және тек ресми дереккөзге сенуін сұраймын.Қазіргі уақытта өңірлерде ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде қорғаныш гидротехникалық нысандардың ықтимал қирауына комиссиялық тексеру жүргізіліп жатыр»

Министр тұрғындарға дүрбелеңге түспеңіздер деп басу айтқанымен, жер сілкінісі жайында құзырлы органнан алдын-ала хабарлама болмағаны қалай? Алматыдағы жер сілкінісі кезінде халықты хабарландыру жүйесі дер кезінде іске қосылмағанын үкімет басшысы да айтып, сынады.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ « Абырой болып, қаза болғандар мен салмақты шығын жоқ. Бірақ зардап шеккендер бар. Адамдар уақтылы ақпараттандыру мен айқын әрекет болмағандықтан, байбаламға бой алдырды. Олар 2, 3-қабаттан секіріп, ойсыз әрекеттерге барды. Бұл құлақтандыру жүйесі дер кезінде іске қосылмағанын, халыққа барынша ерте хабар таратып, хабарландыру керек болғанын көрсетеді»

Ал Алматыда өткен баспасөз маслихатында қаланың бас құтқарушысы Нұрлан Атығаев сирена магнитудасы 5,5-тен асқан сейсмикалық жағдайларда ғана қосылады. Ал кеше 4-тен 5 балға дейін болды. Сондықтан сиренаны қосудың қажеттілігі де мәні де болмады. Ол халықты одан әрі дүрліктірер еді деген жауап қатты. Ал жер сілкінісі туралы смс хабарлама тез жетпейді деп отыр ол. Қалада барлық құзырлы органның жұмысы күшейтілді. Жедел штаб құрылды. Мегаполисте қазір жағдай тұрақталды. Ал денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Алматыдағы жер сілкінісі кезінде 44 адам медициналық көмекке жүгінген. Бас жарақаты, соғылу, аяқ-қолдың созылуы сияқты жеңіл және орташа ауыр түрдегі жарақаттары бар адамдарға дәрігерлік көмек көрсетілген. Үкімет басшысы сейсмикалық қауіпі бар өңірлерде оқу-жаттығуларды жиірек өткізуді тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.