Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЫРЗАХМЕТОВТІҢ СОТЫ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ӨТЕДІ

c 14:27, 23/01 c 23

0:00 / 0:00

Қазақстандық бизнесті қанатының астында ұстап, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын басқарған Абылай Мырзахметовтің де басына бұлт үйірілді. Еске сала кетейік, Абылай Мырзахметов өткен жылы 10 мамырда ұсталған еді. Антикор таратқан ақпаратқа сәйкес, ол алаяқтық және кәсіпкерді туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген күдікке ілікті. Дәлірек айтсақ, Мырзахметов қазір бостандыққа шыққан, сол кезде сотты болған Қайрат Боранбаевты шығарып беруге көмектесемін деп 30 млн доллар боспалады деген күдікке ілініп отыр. Егер оның кінәсі дәлелденіп жатса, Абылай Мырзахметов аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін 10 ж дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. Бүгін ғана соты басталған күдікті Мырзахметовтің ісін толық бақылай алмаймыз. Себебі, сот отырысы жабық өтетін болды. Отырыс басында прокурор Бауыржан Шекенов Абылай Мырзахметовке қатысты қылмыстық істі жабық сот режимде қарауды өтінді. Бұл куәгер мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігі үшін қажет деді мемлекеттік айыптаушы. Прокурордың өтінішін судья қанағаттандырды.

АЙЖАН КҮЛБАЕВА – СУДЬЯ «Мемлекеттік айыптаушы қылмыстық істі жабық сот режимінде қарау жөнінде өтініш берді. Прокурорға куәгер Г. жеке басы мен отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін уайымдайтынын айтып, істі жабық қарауды сұраған. Айыптаудың мән-жайын ескере отырып, куәгерлер мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот мемлекеттік айыптаушының өтінішін қанағаттандыру және осы қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау қажет деп санайды»

Прокурордың өтінішін айыпталушының қорғаушылары да бірауыздан қолдады.

Осылайша, аты шулы Абылай Мырзахметовке қатысты қозғалған қылмыстық істі ашық сотта бақылау мүмкін болмай қалды. Одан әрі судья фото-видео түсірілімге тиым салды.
«Атамекен» ҰКП экс-басшысына қатысты іс былтыр 21 желтоқсанда сотқа жеткен еді. Осымен Мырзахметов екінші рет сотты болып отыр. Ол 2003 жылы ҚТЖ мүлкін жымқырды деген айыппен 5 жылға шартты түрде сотталып, мүлкі тәркіленген болатын. Шығын көзі 3,3 млрд теңгені құрағанды. Кейін сол кезде президент Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұрап, бұл жазадан құтылып кеткені есімізде. Абылай Мырзахметов Forbes Kazakhstan тізімінде еліміздегі 50 бай бизнесменнің қатарында тұр. Алтын кенорны және бірнеше компаниясы бар. Экс-президенттің күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың басшылығында болған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында жетекшілік етті. Мырзахметовтің қамауға алынуына Құлыбаевқа жақындығы да себеп болуы мүмкін деген пікір де бар қоғамда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.