Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мұхтар Құл-Мұхаммед БҚО-на іс сапармен келді

c 19:18, 22/11/2017 c 852

0:00 / 0:00

Облысымызға жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед ең алдымен «Кублей» ЖШС-ның ет өңдеу кешеніне табан тіреді. Бұл жерде жылына 10 мың тонна ет өңделеді. Ауысымына 700 бас ұсақ мал, 250 бас қара малын союға қауқар бар. Бүгінде мал соятын және ет өңдейтін цехтер толықтай автоматтандырылған. Жылына 12 млрд. теңгенің өнімін өндіретін мекеме басшысы осындай жетістікке жетуге мемлекеттік бағдарламалардың тигізген үлесін атап өтті. Облыста ет-сүйек ұнын шығаратын цех ашылмақ. Өндіріс қалдықтарын қайта шығарумен айналысатын мекемеден майлылығы 12 пайыздан аспайтын 52 пайыздық протеинді сүйек ұны шығарылады деп күтілуде. Ал ет өңдеуден артылған сүйектің қалғаны ұнтаққа айналып, үй жануарларына арналған азыққа жарамақшы. "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің өңірге іссапары бұдан соң қаладағы "Стеклосервис" мекемесінде жалғасты. Шағын шеберхана болып ашылған ғимарат бүгінде әйнек өндіретін ірі орталыққа айналған. Енді жергілікті кәсіпорын қуат үнемдегіш әйнек шығарып, оны алыс-жақын шетелге экспорттауда. Ал бұл нысаннан соң Мұхтар Абрарұлы облыстағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан үйлердің құрылысымен арнайы танысты. БҚО-да бүгінде бұл бағдарлама арқылы 1700-ден астам пәтер салынуда. Оның 10-ы көп қабатты, 183-і - бір қабатты үйлер. Осы бағдарламаның шеңберінде салынған үйдің құрылысымен өңірге іссапармен кеген Мұхтар Құл Мұхаммед танысып қайтты. Мәртебелі қонақ Зашаған шағынауданында жасалып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын да берді

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.