Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МҰНАЙДЫ ҚАЛАЙ ТАСЫМАЛДАЙМЫЗ?

c 19:45, 25/03/2022 c 478

0:00 / 0:00

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумындағы апаттың салдары Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты. Бас энергетик Каспий құбыр консорциумының теңізге шығып тұрған бір қондырғысы іске қосылатынын мәлімдеді. Еске сала кетейік, қатты дауылдың салдарынан консорциумның үшінші қондырғысында апат болған еді. Оны тоқтатуға тура келіп, теңізге шығып тұрған екінші қондырғы да дұрыс істемей қалды. Кейін бірінші қондырғы да тоқтатылған еді.

Каспий құбыр консорциумындағы жөндеу жұмыстары қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Көптеген тасымалдаушылар санкцияның кесірінен әріптестіктен бас тартып жатыр. Бұл апат Қазақстанның мұнай –газ саласына үлкен қауіп төндіріп отыр.Ел бюджетіне түсетін түсімнің 40 пайызы осы шикізатқа тәуелді. Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстан мұнайының 80 пайызы экспортқа шығарылады. Бұл дегеніміз өндіріс төмендейді, мұнай мен газ өңдеу көлемі азаяды. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, осы апаттың салдарынан Қазақстанның қазынасына 300 млрд теңге көлемінде кіріс кірмей қалады.Сарапшылардың айтуынша, қаржылай желініп қалуымыз басты мәселе емес. Ең қауіптісі Қазақстан нарықта өнімді өткізуден айырылып қалуы мүмкін. Себебі, көптеген компаниялар құбырды жөндеу жұмыстарын күтпей. басқа тасымалдаушыны іздеп, ұзақ мерзімді келісімдер жасасуы да ықтимал. Сол себепті елдің мұнай-газ саласындағы өндірісін мүлдем тоқтатуға болмайды. Энергетика министрі болса, теңіздегі дауыл басылса, бірінші қондырғы іске қосылады. Нәтижесінде танкерлерге мұнай тиеуге мүмкіндік болады. Ал екінші және үшінші қондырғылар үш апта ішінде жөнделеді дейді.

Осы орайда министр КТК-дағы апаттан бюджетке шығын келмейді деп сендірді. Себебі жыл басында мұнайдың әлемдік бағасы 60 доллар көлемінде белгіленді. Бюджетке де солай енгізілді. Ал қазір мұнайдың әлемдік бағасы 120 доллар болып тұр. Осылайша, КТК-мен мұнай тасымалдау жұмысы қиындап кетсе де, бюджетке жоспардан екі есе артық ақша түсіп жатыр дейді ол

Ал сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, мұнай құбырына тек Ресей ғана иелік етіп отырған жоқ. Оның құрамында батыс компаниялар да баршылық. Олардың бәрі құбырдағы апаттың салдарын тезірек жоюға мүдделі. Бір жаманның бір жақсысы бар дегендей, бұл жағдайда қазақстандықтар уақытша болсын арзан бензинге қол жеткізеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.