Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мүмкіндігін шектемейік

c 19:56, 26/08/2020 c 732

0:00 / 0:00

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың қалаған жұмысқа орналасуы оңайға түсіп отырған жоқ. Заман талабына сай, жұмыс беруші компьютерлік сауаттылығы бар адамдары жұмысқа тартады. Ал біздің елдегі мүгедек жандардың бәрі бірдей технологиядан хабардар емес. Еңбек министрлігі болса мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбек нарығына тарту көрсеткішін 30 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Сол себепті Қазақстанда «LIDER Z» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кәсіби онлайн-мектеп әлеуметтік жобасы өз жұмысын бастады. Жоба ерекше қажеттіліктері бар адамдарға компьютерлік сауаттылықты үйретіп қана қоймай, мамандық алуға да көмектеседі. Жобаға қатысушылар коқудан бастап жұмысқа орналасуға дейін толық циклден өтеді. Бұл жайында бүгін өткен онлайн брифинг барысында айтылды.

Тағдыр тәлкегіне түсіп, мүгедек болып қалған жандардың мүмкіндігін шектемейік. Тек мүгедектік үшін алып отырған жәрдемақысы дәрі-дәрмегінен аспайды. Ал отбасын асырау үшін, тіпті білім алып, өмір ағысынан қалмау үшін мүмкіндігі  шектеулі адамдарды жұмыспен қамту қажет. Бұл үрдіс біздің елде әлі де болса кенже қалып отыр. Елімізде 695 мыңнан астам мүгедек бар. Оның  424 мыңы еңбекке қабілетті жаста. Алайда олардың төрттен бір бөлігі ғана еңбек нарығына тартылған. Мүгедек жандарға жұмысқа тұру үшін кедергі болып отырған басты проблема-компьютерлік сауаттылық болып отыр. Бұл мәселені шешу үшін Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кәсіби онлайн-мектеп әлеуметтік жобасы өз жұмысын бастады. Білім беру бағдарламасында компьютерлік сауаттылықтың базалық дағдылары, графикалық дизайн, типография және SMM-менеджмент бар. Жоба аясында ерекше жандар сұранысқа ие мамандық алып, жұмысқа тұра алады.

Захира Бегалиева – «Ерекше таңдау-шелек»ққ бағдарламалық директоры «Еліміздегі еңбекке жарамды мүгедек жандардың тек төрттен бір бөлігі ғана жұмыспен қамтылған. Бұл 112 мың адам. Ал дамыған елдерді бұл көрсеткіш 40 пайызды құрайды. Біздің еңбек министрлігі 30 пайызағ жеткіземіз деген мақсат қойған. Зерттеудің нәтижесі бойынша 500 адамның 345-і компьютерлік технологияларды білмейтіндігін көрсетті. Яғни бұл олардың білім алуына да, жұмысқа орналасуына да әсерін тигізеді. Сондай-ақ сауалнамаға қатысқан ерекше жандар компьютерлік сауаттылықты үйренгісі келетіндерін айтқан. Олар зерттеуге қатысқандардың 33%-ы»

Жобаға 130-дан аса өтінім келіп түсті. Оның 60-ы іріктеп алынды. Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Ал оқытудың әдістемесі ерекше жандарға арналып жасалған. Мүгедектерге экономикалық қызметке келуге мүмкіндіктер жасау қолға алынған.  Онда оңалту, бизнесті қолдау, мүгедектерге IT қол жетімділікті жақсарту, кәсіпорындарда жарақат алуды азайту мәселелері қамтылған.

Данияр Нұрпейісов – БҰҰ  Даму бағдарламасының жобалық кеңсесінің басшысы «Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуда ауыр жұмысқа, зиянды өндірістерге тартпау керек. Барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың штатында  50 адам жұмыс істесе соның 1-4 пайызға дейінгісі мүгедек жан болуы қажет ».

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.