Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МОРАТОРИЙДІ АЛЫП ТАСТАУ ҰСЫНЫЛДЫ

c 09:55, 03/09/2021 c 708

0:00 / 0:00

Еліміздегі микро және шағын бизнес субектілерін тексеруге мораторийді алып тастау ұсынылды. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысындай осындай ұсынысын алға тартты. Министрдің айтуынша, жосықсыз кәсіпкерлер мораторийді салықтан жалтару мақсатында пайдаланып жатыр. Енді бизнесті тексеруді қайта жаңғыртып, бюджет кірістерін ұлғайтуға мүмкіндік туады.

Пандемиядан ес жия алмай жатқан шағын бизнес сансыз әкімішілік тексерулерден уақытша босатылған еді. Алайда, үкімет бұл қайырымдылық шарасы осымен аяқталады деп отыр. Яғни микро және шағын бизнес субектілерін тексеруге мораторийді алып тастамақшы. Еліміздің қаржы министрі үкімет отырысында осындай ұсынысын алға тартты. Ал бизнес жоспарлы тексерулерді мүлдем алып тастауды сұраған еді. Тек адам өміріне қауіп  төндіретін жағдайларда ғана тексеріс болғаны жөн,- деп отыр кәсіпкерлер қауымдастығы. Егер тұтынушы тарапынан кәсіпкерге шағым түсіп жатса, тексеру онсыз да жүргізіледі. Немесе салықтан жалтарып жатса, құзырлы орган оны электронды база арқылы көре алады. Бірақ қаржы министрі «жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдауда»,- дейді.

Министр өзі айтқандай, бұл шара қазынаны толтыру үшін қажет.  Еске сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл мерзімге шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микро кәсіпкерлік субъектілеріне барумен тексеруге, профилактикалық бақылауға және қадағалауға жарияланған мораторий күшіне енген еді. Енді бір жарым жыл өтпей жатып, қаржы министрі оны алып тастауды ұсынып отыр. Сондай-ақ, Жамаубаев бюджет кірісін арттыру мақсатында жекешелендірудің жаңа жолдары жайында айтып берді. Мемлекет жалпы сомасы 5 трлн теңгені құрайтын активтерді бәскелестік ортаға бермекші. Яғни сатпақшы. Осылайша, Қазақстан дамыған елдердегідей мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтпақшы.

Сондай-ақ, бюджет ауыртпашылығы да азаяды деп отыр. Алайда, коммуналық қазыналық кәсіпорындардың басым бөлігі қалалар мен ауылдарда халыққа қызмет көрсетуге бағытталған. Олар- сумен қамту, стоматологиялық қызмет, мемлекеттік емханалар, балабақшалар, спорт кешендері, тағысын тағы. Экономистердің пікірінше, мұндай әлеуметтік бағыттағы кәсіпорындар мемлекеттік тапсырыссыз күн көре алмайды. Ал жекенің қолына кетсе, бұл нысандар әлеуметтік міндеттерді ұмытып, бизнес-жобаларға басымдық беретіні сөзсіз. Яғни ақылы қызмет түрі енгізіледі. Ал кедейшіліктің күнін кешіп отырған қара халық үшін бұл қызмет түрлері қолжетімсіз болып қалады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.