Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МИНИСТРЛЕР СӨГІС АЛДЫ

c 19:14, 14/07/2022 c 1717

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жұмысына «орташа» деген баға берді. Бүгін өткен кеңейтілген отырыста Әлихан Смайылов басқарып отырған үкіметтің жұмысына сын көп айтылды. Ал азық-түлік бағасымен күресе алмай отырған сауда министрі Бақыт Сұлтанов пен ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады. Сондай-ақ, ақбөкендердің популяциясын ретету үшін киелі киікті атуға шешім шығарған Экология министрі Серікқали Брекешев те Президенттен сөгіс алды. Толығырақ тілші бейнематериалынан

Үкіметтің кеңейтілген отырысын Президент халықты есеңгіретіп отырған қымбатшылықтан бастады. Қазір инфляцияның шарықтап кетуі ең күрделі мәселе деді ол. Тоқаевтың айтуынша,халықаралық институттар әлемдік экономика қарқыны бәсеңдейді деген болжам айтуда. Соған сәйкес инфляция жаппай өсуі мүмкін. Өңірлік дағдарыстың ұзаққа созылып бара жатқанын байқап отырмыз. Тіпті, бұл ахуал жаһандық тоқырауға ұшыратады деген қауіп бар. Осындай жағдайда Үкіметтің және Ұлттық банктің негізгі міндеті – инфляцияны тұрақтандырып, азаматтардың табысын арттыру болуы тиіс. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет деді Мемлекет басшысы. Себебі инфляцияның шарықтап кетуі ең күрделі мәселе болып отыр.

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа және ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады. Екі министр қант тапшлығы үшін таяқ жеп отыр.

Киік популяциясын реттеймін деп, киелі ақбөкендерді атуға рұқсат беріп қоғамның сынына іліккен экология министрі Серікқали Брекешев де мемлекет басшысынан сөз естіп, сөгіс алды.

Мемлекет басшысы елдегі жол сапасына да шүйлікті. Бұл салаға түбегейлі реформа жасайтын уақыт жетті деді. Тоқаев Үкіметке еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор - «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырды. Республикалық маңызы бар тас жолдарды айтпағанда, Президенттің Ақордаға баратын жолының өзі құрақ көрпе сияқты екенін айтып сынады.

Тізе берсек, үкіметтің жарты жылда атқарған жұмысында сын көп. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге қолдау да нашар. Тоқаев өнімді ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден алдын ала тікелей сатып алу жолдарын айқындау қажеттігін тапсырды. Не керек, Смайылов үкіметіне күзге дейін тынымсыз еңбек етуге тура келеді. Болмаған жағдайда Президент ауыс-түйіс жасауы мүмкін. Ал министрлер кабинетінің қазіргі жұмысына «орташа» деген баға берілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.