Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МЕН МЕКТЕПКЕ БАРАМЫН»

c 09:51, 20/08/2021 c 795

0:00 / 0:00

Биыл мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 сынып оқушыларына «Әліппе» және «Букварь» оқулығы табыс етіледі. Осылайша, Әліппеміз мектептерге қайта оралады.Бүгін   «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтардың Республикалық тамыз конференциясы өтті. Жиынға онлайн режимде еліміздің 500 мыңға буық педагогі қатысты. Еліміздің бас мұғалімі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында атқаратын міндеттерді тізіп берді.

Жаңа оқу жылын қазақстандық оқушылар елдегі эпидемиологиялық ахуалға қарамастан дәстүрлі форматта бастамақ. Өздеріңізге мәлім, денсаулық сақтау министрлігі қазан айында елге әкелінетін пфайзер екпесін балаларға салдыруды жоспарлап отыр.  Бір жарым жыл карантинде отырған оқушылар енді мектебімен қауышады. Ал енді ғана мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 1 сынып оқушылары әріпті Әліппеден танитын болады. Осылайша, жоғалған Әліппемізбен қайта табысатын болдық.

Бас мұғалімнің тағы бір жаңалығы- мектеп директорларының жалақысы өседі. Мұғалімдердің мәртебесі қамтылған заңға сәйкес, педагогтардың еңбекақысы артқаны мәлім. 2022 жылдан бастап  балабақша мен мектеп, колледж педагогтарының жалақысы тағы 25 пайызға өседі. Ал мектеп жетекшісінің жалақысы қатардағы мұғалімнің айлығынан төмен.

АЙСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ – ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ «Қазіргі кезде мектеп басшылығының жалақы мәселесі өзекті болып тұр. Үздік педагогтар мектеп директоры немесе оқу ісінің меңгерушісі лауазымына бармай жатады. Мектеп директорларының жалақысы ұстаздың еңбекақысынан төмен болатын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл тұрғыда тәуекелдер деңгейі әртүрлі екені белгілі. Білім министрлігі мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр»

Балалардың қауіпсіздігін қамту мақсатында  мектептер бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз қамтылған. Алайда, оның тек 55 пайызы ғана стандарт талаптарына сәйкес келеді. Келісі оқу жылынан бастап «Алтын белгіге» үміткерлер үшін талаптар күшейтіледі. Енді  жылдық «бес» бағасымен қатар, үміткерлердің 5-11 сынып аралығындағы барлық тоқсандық бағалары да «5» болуы керек деген қағида енгізіледі. Түлектер үшін емтиханды тәуелсіз ұйым өткізетін болады.

Осылайша, оқушы «Алтын белгісін» дәлелдеуі тиіс.  Сондай-ақ, еліміздің жоғарғы оқу орындарының мұғалімдерінің де жалақысы артатын болды.

Тамыз кеңесінде министр Жоғарғы оқу орындарының білім беру сапасына да тоқталды. Министрлік университеттердің жұмысын қатаң бақылауға алғаны мәлім. Тексерулер натижесі бойынша 14 ЖОО жабылып, 53 университеттің 205 лицензиясы тартып алынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.