Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік қарыз 25 % артты

c 09:40, 21/05/2021 c 574

0:00 / 0:00

Сенаторлар мемлекеттік қарыздың артып жатқанына алаңдайды. Үкімет сыртқы қарызды жабу үшін, халықаралық  заемдарды алып жауып жатыр дейді депутат Ольга Перепечина.  Бір жылда Қазақстанның қарызы 25 пайызға немесе 4 трлн өскен. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға мемлекеттік бюджет шығыстарын 1,3 трлн теңгеге ұлғайтуды көздейтін түзетулер енгізу жобасы қабылданды.

Алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 1 ,3 трлн теңгеге артып отыр . Оның ішінде  билік партиясы Nur Otanның  сайлауалды бағдарламасын іске асыруға – 884 млрд теңге жұмсалмақ. Қауіпті індет-ковидпен күреске  265 млрд теңге, Президенттің  тапсырмаларын орындауға – 154 млрд теңге қарастырылған. Сенатқа үкімет мүшелері төрткөз түгел келген. Қаржы  министрі Ерұлан Жамаубаев қазынаның шығыс бөлігінің 48,7 пайызын әлеуметтік сала құрап отыр деді. Бюджеттің әлеуметтік саласына бөлінген қаржы 374 млрд теңгеге ұлғайып, 7,5 трлн теңгені құрады.  Пандемия,  әлемдік экономикалық дағдарыста қазынаға салмақ түсті. Өкінішке орай, еліміздің сыртқы қарызы да жаңбырдан кейінгі саңырау құлақ сияқты тез өсіп жатыр. Бір жылда Қазақстанның қарызы 25 пайызға немесе 4 трлн теңгеге өсті. Ал қарызды жабу үшін үкімет бір қолымен халықаралық заемдарды алып, екінші қолымен мемлекет қарызын жауып жатыр деп алаңдады сенатор Перепечина.

Ольга Перепечина –ҚР парламент сенатының депутаты - «Тапшылықты қаржыландыру үшін мемлекеттік міндеттердің артуына байланысты халықаралық заемдарды қолдану жалғасуда. 2020 жылы 1,5 млрд еуро сырттан қарыз алдық.  Мемлекет қарызын жабу шығындары өсіп жатыр. 2021 жылы 1 трлн теңгеге жетті. Жоспар бойынша үкіметтің қарызын жабу шегі 2023 жыл. Біз бұл орайда 1,5 трлн теңгені табуымыз керек».

Жыл сайын мемлекеттік шығындарды өтеуге 900 млрд теңге бөлінеді.  Бұл қарыздың 90 пайызы шетелдік валютада рәсімделген  елдер үшін өте тиімді болып тұр. Сәйкесінше, қарыздың  теңгеге шаққандағы  көлемі артып жатыр. Үкімет болса бұл проблеманы бюджет тапшылығын арттыру арқылы шешпек. Яғни бір қарызды жабу үшін, екніші қарызды алады.

Ольга Перепечина –ҚР парламент сенатының депутаты -«Бір жылда қарыз 25 пайызға яғни  4,2 трлн теңгеге өсті. Оған қоса жергілікті атқарушы органдардың да қарызы екі есеге артқан. Ал олардың міндеттері республикалық бюжетке салмақ салатыны сөзсіз».

Қазақстанның сыртқы қарызы өсіп жатыр деп дабыл қаққан бұл жалғыз депутат  емес. Осыған дейін де мәжіліс депутаттары, қоғам белсенділері қарызға батып жатқанымызды айтқан болатын. Қазір еліміздің сыртқы берешегі 160 млрд долларды құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.