Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МЕКТЕПТІҢ ІШІНДЕ ДЕ ҚАУІП БАР»

c 18:36, 14/02/2023 c 88

0:00 / 0:00

Петропавл қаласындағы 4 мектепте орын алған төтенше жағдайға қатысты Премьер-министр Әлихан Смайылов мектептердегі қауіпсіздікті күшейту тапсырды. Смайылов еліміздегі барлық білім ордаларында бейнекамераларды көбейтіп, мектепке кіребіресте бақылауды күшейтуді міндеттеді. Өздеріңізге мәлім ақпанның 13-і күні таңертең Петропавлдағы 4-орта мектептің оқушысы құрдастарын балтамен жарақаттады. Жарақат алған екі оқушы ауруханада жатыр. Шабуыл жасаған жеткіншек қамауға алынды. Тергеу ісі жүріп жатыр.

Бүгін өткен үкіметтің селекторлық отырысы Петропавлдағы 4 мектепте орын алған сұмдық жағдайды талқылаудан басталды. Келеңсіз жағдайға қатысты ІІМ бірінші орынбасары есеп берді. Өздеріңізге мәлім ақпанның 13-і күні таңертең Петропавлдағы 4-орта мектептің оқушысы құрдастарын балтамен жарақаттады. Жарақат алған екі оқушы ауруханада жатыр. Үшіншісінен сол жерде медициналық көмек көрсетілген еді. Шабуыл жасаған жеткіншек қамауға алынды. Тергеу ісі жүріп жатыр. Марат Қожаевтың айтуынша, мектеп ішіне суық қару алып кіріп, қан-төгіс жасаған баланы оқушылар мен мұғалімдер ұстаған.

Үш баланы балтамен жарақаттаған оқушыда психикалық ауытқулар болған. Ал оған мектепте білім алуға психикалық орталық рұқсат берген дейді Қожаев.

Өз кезегінде премьер-министр мектепте де қауіп бар деді. Смайылов әкімдер мен құзырлы органдарға барлық мектептерде қауіпсіздік шарасын күшейтуді жіті тапсырды.

Ал денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккен балаларды емдеуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Вице-премьер Көлгінов білім беру ордаларында қауіпсіздікті сақтау, бақылау жабдықтарымен қамту, арнайы күзет қою үшін қазынадан бөлінген қаржы бар деп отыр.

Шенеуніктер айтқандай, бала қауіпсіздігін қамту үшін мектептерді толық жабдықтау мәселесі шешіліп жатса, неге елордалық білім ордаларының өзінде әлі күнге дейін арнайы күзет емес, кіре берісінде зейнет жасына шыққан апайлар отыр?

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.