Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектептерде электронды күнделік жобасы жүзеге асуда

c 18:18, 07/02/2018 c 1553

0:00 / 0:00

Жаңартылған білім жүйесі бойынша енгізілген күнделіктің сөмкедегі күнделіктен айырмашылығы көп. Ондағы түскен бағаларды ата-ана да, балалар да көріп бақылап отыра алады.

Қаламыздағы 40 мектеп жаңартылған білім беру жүйесі бойынша электронды журнал арқылы жұмыс жасайды. Бұл мектеп мұғалімдерін қағазбастылықтан арылтып, жұмыстарын біраз жеңілдетіпті. Электронды күнделіктің пайда болуы - оқушылар үшін де, ата-аналар үшін де қолайлы. Мәселен үйде отырып-ақ мектептегі баланың сабақ үлгірімін күн сайын қадағалап отыруға болады.

Оқушылар жаңашылдықтарға тез бейімделген. Ғаламтордың мүмкіндіктерімен жетіле түскен білім беру үрдісі олардың сөмкелерін де, оқу бағдарламасын да жеңілде түскен.

Қаладағы мектептерде енгізілгелі отырған жаңашылдықтардың бірі- әлемдік тәжірибеден алынған. Оған сай әр оқушы өз киім-кешегі мен оқу құралдарын қауіпсіз орында сақтай алады.

Қазіргі кезде электронды күнделік арқылы ата-аналарды кез-келген ақпараттан дер кезінде құлақтандырып, онлайн режимде мұғаліммен бірлесе жұмыс жасауға бейімдеуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.