Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МЕКТЕПТЕР АШЫЛСЫН»

c 08:14, 20/01/2022 c 1649

0:00 / 0:00

Депутат Ирина Смирнова мектептердің карантинге жабылуына қарсылық білдірді. Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында мектептерді жабуды тек соңғы шара ретінде қарастырған жөн. Яғни мектептер ең соңғы болып жабылып, бірінші болып қайта ашылуы керек деді. Смирнова карантиндік талаптар қатаңдатылған кезде, мектептерде кезекші сыныптарда оқытуды қамтамасыз етуге болатынын айтады. Бұл тәжірибені ел мектептері қолданған болатын. Айта кетейік, коронавирустың таралуы өршіп, эпидахуал нашарлап, еліміздің үш ірі қаласы – Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте мектеп оқушылары онлайн форматта оқытылып жатыр.

Елде эпидахуал нашарлап, коронавирустың «омикрон» штамы белең алып отыр. Күн сайын науқастар саны артуда. Денсаулық сақтау министрлігі Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларындағы ахуалға орай мектеп оқушылары мен Жоғарғы оқу орындарының студенттерін онлайн форматқа көшірген еді. Яғни қазір ірі қалаларда мектептер жабық, оқушылар үйде отырып , қашықтан оқуда. Алайда, депутат Смирнованың пікірінше бұл дұрыс шешім емес. Мектептердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету - балалардың психикалық денсаулығы, әлеуметтік өмірі мен білім алуы үшін өте маңызды.

ИРИНА СМИРНОВА –ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Мектептерді жабуды тек соңғы шара ретінде қарастырған жөн. Яғни мектептер ең соңғы болып жабылып, бірінші болып қайта ашылуы керек. Бұл Білім және ғылым министрлігінің мәлімдемесі емес. Бұл 2022 жылдың 11 қаңтарындағы ДДҰ-ның ескертуі. Білім және ғылым министрлігі бүкіл үкіметтің қолдауымен еліміздің 3 ірі қаласы – Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте мектептерді толығымен жабу туралы шешім қабылдаудағы субъективті пікірін қолдады. Кезекші сыныптар мен топтар жоқ!»

Смирнова адам толы пойыздар жүріп, ұшақтар ұшып жатыр. Ең үлкен қауіп және инфекция таратқышы ретінде тек мектептер ғана танылғаны түсініксіз дейді. Эпидемия кезіндегі мектептер жұмысының алгоритмі бұрын әзірленіп, кезекші сыныптар жұмысын сәтті жүргізген болатын. Алайда, осыған қарамастан оқушыларды онлайн оқыту дұрыс емес дейді ол. Халыққалаулысы үкімет басшысы Әлихан Смайыловтан мектептерді ашуды талап етті.

ИРИНА СМИРНОВА –ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Қазақстан Халық партиясы тез арада мектептерді ашуды қарастыруды ұсынады. Барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып.Экспресс-тесттерді қолдануды кеңейту керек. 1-6 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылу жоспарда бар ма?. Ата-аналары заң бойынша жалғыз қалдыра алмайтын 1-6 сынып оқушыларын мектептерге баруға тыйым салынған кезде күтімді қамтамасыз ету және оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін кезекші топтарға бөлу жүйесі қарастырылып жатқандығы бар-жоғын білгіміз келеді. Балаларды қауіпсіз орналастыру бойынша ұсыныстар бар ма? Өйткені ата-ана - полицейлер, дәрігерлер, әскери қызметкерлер, өрт сөндірушілер, жүргізушілер, сатушылар кез келген жағдайда жұмысқа шығуы тиіс»

Сондай-ақ депутат Смирнова еліміздің 3 ірі қаласындағы мектептерді толығымен жабу туралы шешім шығарған Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым министрлігінен түсініктеме талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.