Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектеп күзеті күшейтіледі

c 09:53, 18/05/2021 c 508

0:00 / 0:00

Енді еліміздегі  мектептерді зейнет жасына шыққан апалар мен ағайлар күзетпейді. Ішкі істер министрілігі білім ордаларына  арнайы күзет қоямыз деп отыр.  Бұл жайында әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев мәлімдеді. Еске сала кетейік, Татарстан астанасы Қазан қаласында орын алған қайғылы оқиғадан соң, Парламент  депутаттары мектеп қауіпсіздігін қамту туралы үкіметке талап қойған еді. Қазан қаласының №175 мектеп гимназиясында 19 жастағы жеткіншек  оқ жаудырып, салдарынан  9 адам ажал құшып, 21 адам зардап шекті.

Қазақстандық мектептердің бәрінде бірдей бейнебақылау, дабыл түймесі орнатылмаған. Елде 7500 –ден астам орта білім беретін мектеп бар. Алайда, оның тек 408-де ғана арнайы күзет қойылған. Тек 1000 астам мектеп дабыл жүйесіне қосылған. 333 мектепте турникет орнатылған. Оның өзінде бұл ақылы немесе дарынды балаларды іріктеп оқытан мектептерде ғана бар. Бұған дейін мектеп қауіпсіздігін сақтау шаралары ұсыным ретінде айтылып келсе, енді нақты талап қойылмақ. Қазан қаласындағы қайғылы жағдайдан соң, құзырлы органдар мектеп қауіпсіздігіне көңіл бөле бастады. Енді  мектептерді зейнет жасына шыққан апалар мен ағайлар күзетпейді. Ішкі істер министрілігі білім ордаларына  арнайы күзет қоямыз деп отыр. Ол үшін мектептер күзет фирмаларымен келісім-шартқа отыруы керек.

Мұрат Баймұқашев – ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы "Бұған дейін меткептерге ұсыным жасалып келсе, енді талап қоямыз. Білім беру нысандары бақылау жүйесімен, ұжым мен келушілерді құлақтандыру құралдарымен, дабыл түймешегімен, рұқсатпен кіру жүйесімен және арнайы күзетпен міндетті түрде қамтамасыз етіледі"

Мектепке әкелуге тиым салынған заттардың тізімі де бекітіліп отыр. Оған  қару-жарақ, пышақ, айырсадақ, кастет және тағы сол сияқты заттар кіреді. Сондай-ақ, жарылғыш құралдарына ұқсайтын затты, аэрозоль бояуын, пиротехникалық зат пен газ баллоншасын  да мектепке әкелуге болмайды. Мұғалімдер мен оқушыларға террорлық жағдайда қандай әрекет ету керегі туралы мәліметтер берілмек.

Полиция  қару-жарақ дүкендерін, атыс қаруының иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғаларды қауіпсіз сақтау жағдайларына тексерісті бастадық деп отыр. Сондай-ақ, қатігездікке үгіттейтін интернет кеңістіктегі топтарға да бақылау жүргізілмек. Бұл бала қауіпсіздігін қамту мақсатында қолға алынып жатқан шара.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.