Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛСІН»

c 12:24, 23/09/2021 c 1522

0:00 / 0:00

Өңірлерде жаңадан бой көтеріп жатқан мектептер талапқа сай болмай отыр.  Парламент Мәжілісінің депутаты Бауыржан Сартбаев Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалында осы мәселені көтерді. Депутаттың айтуынша, қазына қаржысына салынған  мектептердің сапасы, оның ішінде жаңа білім мазмұнына сәйкестігі, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуы алаңдатады. Тіпті кей мектептер пәндік кабинеттермен жабдықталмаған. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың жүріп-тұруына да жағдай жасалмаған.

Депутаттар жаңадан салынып жатқан мектептердің құрылысын бақылау құзыреттілігін Білім министрлігіне беру керек деп санайды. Бүгінде министрлікте салынып жатқан мектептерді бақылау, қадағалау құзыры жоқ. Бұл жергілікті әкімдіктің бақылауындағы мәселе. Алайда, мектептер талапқа сай болмай отыр. Мәжілісмендер  жазғы демалыста  халықпен кездесуінде қазына қаржысына салынған білім ордаларындағы кемшіліктерге көз жеткізіп қайтқан. Өкінішке орай мектептер  құрылысының сапасы нашар, жаңа білім мазмұнына сәйкес емес, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту қалыс қалған. Ал кей мектептерде пәндік кабинеттермен жабдықтауды ұмытып кеткен сияқты.

Кей өңірлерде үш аусымда оқытатан мектептер әлі де бар. Көптеген мектепте  спорт залдары тапшы. Жоқ дегенде 2 спорт зал болуы тиіс. Сондай-ақ, жаңадан салынған білім ордаларында мүмкіндігі шектеулі оқушылардың жүріп-тұруына жағдай жасалмаған деректер де жоқ емес.

Өздеріңізге мәлім, ел Президенті Жолдауында 1000 мектеп салынатынын хабарлағанды. Енді депутаттар осы мектептердің құрылысы талапқа сай болса деп алаңдайды. Мәжілісмен мектептерді жобалау, құрылысын болжау және жаңартуды сараптамалық сапалы деңгейде жоспарлау қажет деп санайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.