Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МӘЖБҮР БОЛДЫҚ»

c 09:23, 05/04/2023 c 74

0:00 / 0:00

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жанар-жағармай бағасын өсіруге мәжбүр болдық деді. Бұл жайында премьер-министр үкімет отырысынан соң журналистердің алдына шығып жасаған мәлімдемесінде айтты. Өздеріңізге мәлім, күні кеше экс-энергетика министрі Болат Ақшолақов бензиннің литрін 11 теңгеге, дизель отынын 20 теңгеге көтеретіндерін айтқанды. Смайылов ел ішінде жанар-жағармай нарығында тапшылық мәселесі азаяр емес. Қазақстандық арзан жанар-жағармай әртүрлі жолмен көрші елдерге кетіп жатыр. Осылайша отандық арзан жанар-жағармай өзіміздің мүддесіне емес, көрші мемлекеттердің экономикасына жұмыс істеп отыр, - деп мәлімдеді. Үкімет жанар-жағар май бағасын өсіре отырып, тапшылықты жоямыз деп отыр. Ал мұнай өнімдеріне баға өссе, азық-түлік, өзге де тауар түрлеріне бағаның шарықтап кетпесіне кім кепіл береді? Үкімет үйінен Әселім Қалкен баяндайды

Қазақстанда соңғы бес жылда бензин өндірісі 70 пайызға, ал дизель отыны 33 пайызға өсті.Мұнай компаниялары жоғары қарқынмен жұмыс істеп жатыр. Бірақ бұл жанар-жағармай нарығында тапшылық мәселесін шешпей отыр деп мәлімдеді премьер-министр. Смайылов қазақстандық арзан жанар-жағармай айтарлықтай арзан болғандықтан, біздің отынды көрші елдерге тасып әкету үрдісі белең алды. Бұл ел ішінде тапшылық тудырады. Сондықтан бағаны өсіріп отырмыз, – деді ол. Үкімет басшысының айтуынша, бензин құны Ресейде 45%-ке, Қырғызстанда 64%-ке, Өзбекстанда 100%-тен жоғары.

Елдегі жанар-жағар май тапшылығы егіс науқанында шаруаларды әбігерге түсіретіні мәлім. Ендігі оңтүстік өңірлерде фермерлер дизель тапшылығын сезініп жатыр. Үкімет шаруаларға арзандантылған 413 мың тонна дизель отынын бөліп отыр. Оның литрі 204 теңгеден. Алайда, осы отынды үлестіретін жергілікті жерлердегі операторлар тарапынан дизель отынының тапшылығын қолдан жасап отырғандар бар дейді премьер.

Жанар-жағар май бағасы өсіп жатқанда, азық-түлік пен өзге де тауар түрлеріне бағаның шарықтап кетпесіне кепілдік жоқ. Смайыловтың өзі мұны мойындап отыр. Үкімет басшысы жанармай бағасының өсуі инфляциялық процестерге белгілі бір әсерін тигізеді. Дизель отының тұтыну себетіндегі үлесі 0,4 пайыз, ал АИ-92 бензинінің үлесі 2%-ке жуық. Осылайша инфляцияның жалпы деңгейіне тікелей әсері 0,35 пайызды құрайды. Бұл тікелей әсері", - деді. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қай азық-түлік түріне бағаның қаншаға өсетінін есептеп те қойыпты. Мықты өсім болмайды деп жұбатып қояды.

Өзіне сенімді Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру тетіктері іске асады. Жаңа тәсіл бойынша облыс әкімдіктері жергілікті бюджеттен шамамен 125 млрд теңге қарастырып отыр. Оның ішінде жеңілдікпен несие беруге 99 млрд теңге және тауар өндірушілерден тікелей сатып алуға 26 млрд теңге көзделген - дейді ол. Ал Президент үкіметтің алдына жыл соңына дейін инфляцияны екі есеге төмендету міндетін қойғаны есімізде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.