Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Масканы қашан  шешеміз?

c 19:01, 30/04/2021 c 1289

0:00 / 0:00

Қазақстандықтардың 60 пайызы ковидке қарсы екпе алғанда ғана, маскасыз жүруге болады. Бұл жайында еліміздің бас дәрігері Алексей Цой халықпен есептік кездесу барысында айтты.Министр 2020 жылғы қызметі және ведомствоның 2021 жылға арналған жоспарлары туралы айтты. Халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкерлерінің материалдық жағдайын жақсарту жоспары тұр. 2021 жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға өспек.

Бүгінгі күні 1 миллион астам қазақстандық індетке қарсы вакцина салдырды. Бұл денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі. Қазақстан бір ай бойы қызыл аймақта тұр. Өздеріңізге мәлім, өткен жылы еліміздің медицина саласы ковидпен күреске дайын болмағанын көрдік. Індетпен күресте маман тапшылығын да сезіндік. Әсіресе инфекционист дәрігерлердің аздығы байқалды. Күн-түн демей, қаупіті індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерді материалдық жағдайын жасай алмаған ел екенімізді біліндік. Пандемия барысында медицина қызметкерлеріне берілген үстемақылар қазір тоқтатылды. Денсаулық сақтау министрі кадрлық ресурстардың маңыздылығын енді түсінгендей.  Қазіргі уақытта еліміздегі дәрігерлер саны 76 мың штаттық бірлікті құрайды, оның 32 мыңы – бейінді мамандар. Республикада дәрігер кадрлармен қамтамасыз ету 10 мың тұрғынға 40 маманды құрады. Министр Цой алдағы екі жылда қазақстандық дәрігерлердің жалақысы 500 мың теңгеден асатын болады деп отыр.

Алексей Цой – ҚР денсаулық сақтау министрі «2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі.Дәрігерлердің айлығы 30 пайызға, орта буындағы медицина қызметкерлерінің айлығы 20 пайызға артады. Осылайша 2023 жылдан бастап  дәрігерлеріміздің жалақысы 561 мыңды, медбикелердің жалақысы 210 мыңды құрайтын болады».

Қазақстандық дәрігерлерге жарты миллион жалақысын екі жыл күтуге тура келеді. Ауылға барып қызмет ететін ақ халатты жандар әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылмақ. Министр өз есебінде карантиннен шығудың бір жолы-вакцина салдыру екенін тағы айтты. Қазақстандықтардың 60 пайызы екпе салдырған жағдайда ғана бетпердені шешу мүмкіндігі туады дейді Цой. Қазір елде ресейлік "Спутник V", отандық QazVac вакцина жасалып жатыр. Ендігі  қытайлық Sinopharm вакцинаның 750 мың дозасы елге әкелінді. Бұл қытай технологиясы бойынша өндірілген араб вакцинасы дейді министр. Тегін вакцинаны біздің елде 3 айдан артық уақыт жүрген шетелдіктер де салдыра алады.

Алексей Цой – ҚР денсаулық сақтау министрі «Кеше ведомствоаралық комиссияның отырысында біздің елде 3 айдан артық жүрген шетелдік студенттер мен еңбек мигранттарына тегін вакцина салу туралы шешім қабылданды».

Цойдың онлайн есебі барысында Қазақстанда төтенше жағдай енгізілуі мүмкін бе деген сұрақ қойылды. Денсаулық сақтау министрі қазіргі таңда бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ деді. Төтенше жағдай  елдегі ауыр санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және төсек-орын қорының 70%-тен астамы науқастарға толған кезде ғана енгізіледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.