Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК БАСҚАРАТЫНДАР КӨП»

c 09:36, 19/10/2021 c 699

0:00 / 0:00

Заң қатаңдатылып, бақылау қанша күшейсе де ішімдік ішіп алып автокөлікті тізгіндейтіндер көп. Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтің хабарлауынша, жыл басынан бері полиция 6 миллионнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кессе, оның 5 миллионнан астамы жол қозғалысы саласында орын алып отыр. жыл басынан бері көлікті мас күйінде басқарудың 18 мыңға жуық дерегінің жолын кесті. 2020 жылдан бастап мас күйінде жолға шығу 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыруды, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды қарастырады. Жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыру көзделген. Бүгінгі күні елімізде 2 мың 700 азамат мас күйінде көлік басқарғаны үшін өмірбақиға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Полицияның мәліметі көңіл қоншытпайды. Жол үстінде қарпайым ережені сақтау, көлікті басқару ережелерін бұзбау соншалықты қиын шаруа емес сияқты. Дегенмен, жауапкершлігі жоқ жандар баршылық. Биыл өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға артық бұзушылық жасалған. Ең жиі орын алатын жол ережесін бұзу фактісі – жылдамдықты асыру. Жаяу жүргіншілер тарапынан жол ортасынан кесіп өту фактілері көп тіркеледі. Ал ішімдік ішіп алып, көлікті тізгіндейтіндер заң талабы қанша қатаңдатылса да, ескі әдетінен арыла алмай отыр. Бүгінде 2 мың 700 адам өмірбойына жүргізуші куәлігінен айырылды.

СЕРІК ТҮСІПОВ – ҚР ІІМ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «2020 жылдан бастап мас күйінде жолға шығу 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыруды, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды қарастырады. Сонымен қатар, көлік құралын мас күйінде басқарғандарды бұрын мұндай құқықтан айырылған немесе апатқа ұшыраған адамды жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыру көзделген. Бүгінде мұндай 2,7 мыңға жуық жағдай тіркелді»

Сондай-ақ, полиция шетелде тіркелген автокөліктерді алмауға кеңес береді. Мысалы, бағасы арзан болғасын ресейлік көліктерді сатып алу басым. Әкімшілік полиция шетелден әкелінген көлікті сенімхатпен, сақтандыру құжаттары арқылы сатып алуға болмайды дейді.

СЕРІК ТҮСІПОВ – ҚР ІІМ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Шетелде тіркелген автомобильді сенім хат немесе сақтандыру құжаты арқылы сатып алудың да тәуекелдері бар. Егер көліктің иесі шетелдік болса, көлік салығынан жалтару үшін кез келген уақытта өз елінде тіркеуден алғызып тастауы мүмкін. Осылайша Қазақстандағы иесі тәуекелге тап болады. Жол апаты болған жағдайда сақтандыру компаниялары келген шығынды ақшалай өтеуден бас тарта алады»

Ендігі Петропавл, Өскемен, Семей қалаларында дәл осындай жағдай бойынша 30-ға жуық көлік бар болып шықты. ІІМ мәліметінше, Ресейден әкелінген 250 көлік бйоныша сот ісі жүріп жатыр. Полиция шетелде тіркелген көліктермен Қазақстан аумағында бір жылдан артық жүре алмайтынын, біржылдан соң елден шығарылатынын айтып, ескертеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.