Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мәншүктің рухына тағзым!

c 17:22, 03/05/2018 c 914

Осындай атаумен Орал қаласында 5-ші халықаралық авто жорық басталды. Ұлы жеңістің 73 жылдығына арналған шараға БҚО-нан жас ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер аттанғалы отыр. Олар Ржев, Новосокольск және өзге де тарих ізі тұнған қалаларды аралап, қазба жұмыстарына қатысып, Ұлы жеңіс мерекесін Невель қаласында қарсы алмақ.

"Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды"! Бүгінгі ұрпаққа ата-бабаның ерлігімен келген ұлы жеңістің 73 жылдығына орай, жылдағы дәстүрлі экспедиция жалғасын тауып отыр. Ал екінші бөлім бойынша экспедиция мүшелері 3-мамыр күні сапарға аттанғалы отыр. Мәншүк Мәметова мемориалды музейі директоры бастаған делегат құрамында мұражайдың ғылыми қызметкері, оқ ату жарысысынң жеңімпаз студенті және Бөкей орда ауданынан батыр қыздың есімі берілген менктептің 10-шы сынып оқушысы бар. Олар өңірдегі қатары сиреген қан майданның куәгерлері, қарт жауынгерлермен кездесіп, ақ батасын алды.

Қазақтың қаһарман қызы- "Ер Мәншүктің тухына тағзым" деп аталатын экспедицияның берері көп. Аймақтағы музей қоры осындай авто жорықтардан соң толыға түскен болатын. Бұл халықаралық 5-ші автожорық. Ржев, Новосокольск және өзге де тарих ізі тұған қалаларды аралайтын делегат Ұлы Жеңіс күнін Невель алаңында қарсылауды жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.