Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МӘМС -ТЕН БАС ТАРТПАЙМЫЗ»

c 02:45, 09/02 c 29

0:00 / 0:00

Бүгінде елімізде 3 миллионға жуық адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қатыса алмай отыр. Жұмысбасты қазақстандықтар табысының 2 пайызын МӘМС қорына аударып отыр. Сол арқылы медициналық көмек алады. Ал ресми жұмыспен қамтылмағандардың мәселесі әзірге шешілмеген. Бұған дейін мәжіліс депутаттары да МӘМС-ке қатысты проблема мен денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктер баршылық деген еді. Оның ішінде медициналық қызметтерді қаржыландырудағы теңгерімсіздік, МӘМС моделінің өзі туралы нақты түсінік мүлде жоқ деп отыр. Бастапқыда белгіленген параметрлерден ауытқу, республикалық бюджеттен қаржылан¬дырудың жеткіліксіздігі, халықтың аз қамтылуы сақтандырудың тұрғындар үшін тартымсыз болып қалуына әкеп соқты. Тіпті бірқатар депутат бұл жүйеден бас тартуды да ұсынғанды. Себебі, қазір медициналық көмектің сапасынан бұрын оның қарапайым қолжетімділігіне зəру болып қалдық. Науқастар дәрігерлердің қабылдауын ұзақ күтеді, ультра¬дыбыстық немесе компьютерлік томографияны бірнеше ай күтуге тура келеді –деген еді депутат Асхат Айма¬ғамбетов. Ал бұрынғы денсаулық сақтау министр Ажар Ғинияттың қызметінен кетуіне МӘМС проблемасы себеп боулы мүмкін бе? Вице-премьер оны жоққа шығармады.

Сондай-ақ ол медициналық ұйымдарды қар¬жыландыруда сұрақ көп, медициналық қызметтер тарифтері ауруханалар мен емханалардың нақты шығындарына сәйкес келмей жатады. Ал экс-министр міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу арқылы денсаулық сақтау саласын қаржы¬ландыру 1 триллионнан 2,5 триллион теңгеге дейін ұлғайғады деп мәлімдегенді. Дегенмен, Президент үкіметтегі жиында 5 жыл өтті, МӘМС жүйесі нақты нәтиже көрсетіп отырған жоқ деген еді. Енді жаңа министр жұмысын МӘМС проблемасын шешуден бастамақшы.

Әдетте жаңа басшы келсе, команда ауысып жатады. Әлназарова ханым әзірге денсаулық сақтау министрлігінде ауыс-түйіс болмайды деп сендірді.

Еліміздің бас дәрігері креслосына енді ғана жайғасқан Ақмарал Әлназарова лауазымның ащы-тұщысын әлі сезіне қойған жоқ әрине. Бірақ бұл сала медицина ғылымдарының докторы үшін таңсық емес. Су жаңа министр ашық боламын деп ағынан жарылды.

Айта кету керек, сенат депутаты болған кезінде Әлназарованың сынға толы сауалдары денсаулық сақтау саласындағы проблемасына арналатын. Осыған қарағанда ол министр лауазымына әбден дайындалған сияқты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.