Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МАЛЫМ ЖАНЫМНЫҢ САДАҚАСЫ

c 16:19, 16/01 c 37

0:00 / 0:00

Елде мал ұрлығы тыйылар емес. Ал мал бағып, жанын сақтап отырған ауыл халқы үшін бұл үлкен проблемаға айналды. Өкінішке орай барымташылар жайылымда жүрген малды үйірімен ұрлап кетіп жатыр. Өткен жылы 8,5 мыңнан астам мал ұрланған. Мал ұрлығын кәсіп қылған 450 адам анықталып, 75 қылмыстық топ қолға түсті.

Қылмыстың алдын алу үшін жегілікті жерлердегі әкімдіктерге мал жаю қағидаларын әзірлетіп, бекіткен. Онда малды еш бақылаусыз жаюға тыйым салынған. Ол ол тиымды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 3-тен 10 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Осылайша өткен жылы 42 мыңнан астам бұзушылық анықталған. Ал жайылымда жүрген үйір-үйір жылқыны, табын сиырды, отар қойды таңнан кешке дейін бағып жүру де оңай шаруа емес. Полиция мал ұрлығын тыю үшін, жазаны да күшейткен. Батырбековтің айтуынша, мал ұрлағандардың мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.