Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Мал ауруы сырттан келіп жатыр»

c 18:44, 04/03/2021 c 722

0:00 / 0:00

Соңғы жылдары елімізге 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал басы әкелінді.  Оны сатып 500 млн АҚШ долларынан астам қаражат жұмсалды.Алайда, ет экспортының әлеуетін арттырамыз деген мақсаттағы бұл шараға жұмсалып жатқан миллиондар жайында ауыл шаруашылық министрлігі  ауыз ашпайды. Сенатор Ақылбек Күрішбаев сырттан әкелініп жатқан малдардар шмалленберг ауруы, инфекциялық ринотрахеит, вирустық диарея, моракселлез сияқты қауіпті экзотикалық жұқпалы аурулар келіп жатыр дейді. Депутат бұл орайда қыруар қаражатқа шетелден мал сатып алмай, ауыл шаруашылығы жануарларының отандық гендік қорын қалыптастыру қажет екендігін айтты. Бүгін өткен сенаттың онлайн жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талықланған еді.

Ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған келісім Еуразиялық одақ аясында жүзеге асатын шаруа. Ауыл шаруашылық министрі осы ратификацияны қабылдай отыра асыл тұқымды мал өсіруді дамытамыз дейді.

Соңғы жылдары елімізге шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал басы әкелінді.  Оны сатып алуға 500 млн АҚШ долларынан астам қаражат жұмсалды. Өкінішке орай ел ішіндегі мал ауруы осы қыруар қаржыға сатып алынған малдардан тарап жатыр дейді сенатор.

Депутаттың айтуынша, Еуропадан әкелінген жүздеген мың асыл тұқымды ірі қара мал уақыт өте келе өздерінің асыл тұқымдық қасиеттерін жоғалтып, із-түссіз жойылып кеткен. Оны күтіп-бағуға жағдай жасап, жүйелі селекциялық жұмыс қалыптаспаған. Ауыл шаруашылық министрлігі ет экспортын арттыруға бағытталған шараға жұмсалып жатқан миллиондар жайында ауыз ашпайды.Күрішбаев сырттан тасымай ауыл шаруашылығы жануарларының отандық гендік қорын қалыптастыруды ұсынды.

Бүгінде көршілес елдерде аталмыш мәселе кеңінен қолға алынған. Өкінішке орай Қазақстан бұл көрсеткіште де артта қалып отыр. Мамандардың мәліметінше, қазір сүт бағытындағы ірі қара малдың қолдан ұрықтандыру үлесі Белоруссияда - 95%, Украинада - 90%, Ресейде - кем дегенде 70%, Өзбекстанда - 55% болса, Қазақстанда 15%-дан аспайды. Сенатор келтірген дерекке сүйенсек, Қазақстанда заманауи фермалар, сапалы жем-шөп базасы жетіспейді. Елде сүт бағытындағы 2 миллион 700 мыңға жуық сиыр бар, ал Беларуссияда 1,5 млн бас, яғни бізден едәуір аз. Бірақ Беларусь елі Еуразиялық  экономикалық одағына кіретін елдердің көпшілігіне сүт және сүт өнімдерін экспорттап отыр.  Қазақстан болса ішкі нарықты отандық өніммен қамти алмауда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.