Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мәдениет министрі отставкаға кетуге дайын

c 09:57, 17/05/2021 c 356

0:00 / 0:00

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын. Бұл жайында Райымқұлова ханым халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша өткен брифингте айтты. Еске сала кетейік,  осы жылдың  ақпан айында мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков ұсталғанды. Оған букмекерлік қызмет саласындағы заңды тұлғаның өкілдерінен пара алды деген айып тағылып отыр.

Қазақстан заңнамасы бойынша бірінші басшы қоластындағы қызметкері жемқорлықпен істі болып жатса, отставкаға кетуі керек. Мысалы, министр осындай жағдайда өзін қызметінен босату туралы Президентке өтініш білдіреді. Ал оның бұл өтінішін қабылдау, қабылдамау мәселесін мемлекет басшысы шешеді. 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін мәдениет және спорт саласында 135 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген. Қазынаға келген шығын көзі 698 млн теңгені құрайды. Ақпан айында мәдениет вице-министрі Сәкен Мұсайбековке жемқорлық фактісі бойынша айпы тағылып, қамауға алынғанды. Қазір экс-шенеунікке қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Егер Мұсайбековтің кінәсі сотпен дәлелденіп жатса, министр креслосынан кетуге дайынмын дейді Райымқұлова ханым.

Ақтоты Райымқұлова – ҚР мәдениет және спорт министрі "Ең алдымен, Конституция бойынша кінәсіздік презумпциясы бар екенін еске салғым келеді және ең бірінші кінә дәлелденуі керек. Егер оның кінәсі дәлелденсе әрине, мен заңға сәйкес отставкаға кету туралы өтініш беремін. Кінәсі дәлелденген жағдайда"

Еске сала кетейік,  осы жылдың  ақпан айында мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков ұсталып, оған букмекерлік қызмет саласындағы заңды тұлғаның өкілдерінен пара алды деген айып тағылды. Кейбір ақпарат көздерінің хабаралуынша, ЖШС өкілі Мұсайбековке жүргізушісі арқылы құны 3 млн теңгені құрайтын әйелдерге арналған сөмкені беріп жіберген. Фирманың жұмысын жүргізуге қолқабыс жасағаны үшін жолданған  сыйлық көрінеді.  Бұл экс вице-министрге шетелге демалысқа кетіп бара жатқан жерінде берілген еді, жемқорлық күрес агенттігі пара бергені үшін компания басшысын да ұстады.  Сәкен Мұсайбеков 2020 жылдың мамырынан бастап мәдениет және спорт министрлігі басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді. Оның алдында  2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы болған, ал оған дейін – 2015 жылдың ақпанынан бастап 2019 жылдың қаңтарына дейін  мәдениет және спорт вице-министрі болған. Өткен жылы осы орынға қайта оралғанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.