Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«LRT» құрылысын жандандыру үшін құрбандыққа мал шалынды

c 09:30, 01/07/2021 c 830

0:00 / 0:00

Аты шулы «LRT» –ң құрылысы қайта жанданды. 3 жыл бойы жұмысы тоқтап, қаңырап қалған жеңіл рельсті көлік жобасы қаланың көркін кетіріп тұрған еді. Енді құрылыс алаңында  ірі техникаларды, Қыйтадан келген жұмысшылар мен LRT үшін қажет жаңа конструкцияларды көруге болады. CTS көлік компаниясының мәліметінше, қытайлық CNTIC консорциумы шарт міндеттері шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша дайындық жүргізіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Astana LRT құрылысының жандануына қатысты «қазір конкурстық рәсімдер, банктерді таңдау жұмысы жүріп жатыр. Қаржы көзін анықтағасын жұмысты белсенді жүргізуді бастаймыз» -деді. Бұл жайында ол онлайн брифингте айтты.

Үш жыл бойы қаңырап тұрған «LRT» құрлысын жандандыру үшін қара қойды маңыратып құрбандыққа шалып жіберді. Халық арасында жемқорларға арналған ескерткіш деп аталып кеткен «LRT» жобасы бұл жолы аман-есен салынсын деген ниет пе, құрылысты қайта бастау үшін  арнайы молда шақырылып, дұға бағышталды. Шум. Құрылыс алаңында  ірі техникалар, Қыйтадан келген жұмысшылар мен LRT үшін қажет жаңа конструкцияларды көруге болады. Қазіргі уақытта Қытайлық компания шарт міндеттері шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша дайындық жүргізіп жатыр.

Алтай Көлгінов – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі «Қытайлық және жергілікті серіктестеріміз бар. Шарттағы міндеттемелерге сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мен жұмыс белсенді жүріп жатыр деп айтпас едім. Жұмыстың белсенді жүруі қаражаттың түсуіне байланысты болады. Қазір конкурстық рәсімдер, банктерді таңдау жұмысы жүріп жатыр. Қаржы көзін анықтағасын жұмысты белсенді жүргізуді бастаймыз. Қарыздар мемлекеттік кепілдікпен, республикалық бюджеттен өтеледі. Алдағы қарыздарды да үкімет кепілдігімен аламыз. Әйтпесе бізге инвестор келмейді»

Елорда әуежайынан вокзалға дейін жалғасып жатқан  жеңіл рельсті көлік  жобасын салу туралы шешім 2005 жылы қабылданған болатын. 2011 жылы құрылыс жұмысы басталды.  Әу баста жоба құны 2,6 млрд долларды құрады. Кейін әкімдік жолды екі есеге қысқартып тастады.  Жоспарға сәйкес бұл құрылыс 2020 жылдың маусым айында аяқталуы тиіс еді. Алайда  2018 жылы жоба жұмысы тоқтап қалды. Себебі, қыруар қаражат бөлінген құрылысқа жауапты лауазымды тұлғалар «ақша жымқырды». Ақырында іс насырға шауып, жоба қаражатына қол сұққандар сот алдынан бірақ шықты. Шетел асып, қашып жүргендері де бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.