Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЛОТЕРЕЯ ҰТЫСЫНА СЕНЕСІЗ БЕ?

c 12:52, 14/02 c 37

0:00 / 0:00

Лоторея ұтысына сенесіз бе? Жалпы лоторея ойнап көрдіңіз бе? Мұндай сұрақтың туындауына себеп бар. Өйткені қазақстандықтардың қомақты қаржы ұтқаны туралы мәліметтерді жиі ести бермейміз. Бұрын лоторея нарығында 70 компания болған. 2016 жылы бұл нарық бірыңғай оператордың қолына өтті. Мәлім болғандай лотореядан ұтқандардың бәрі бірдей ұтысын алмайды екен. Сәттілік әкелген билетін жарты жылдың ішінде алып кетуі керек. Ал осы уақыт ішінде ұтысын алмаса, ол қаржы ел бюджетіне өтеді. Жалпы 130 миллион теңгені құраған лоторея ұтысын ешкім алып кетпеген. Вице-министрдің айтуынша, лоторея ұтысы бар. Бірақ оны ұтқандардың көбі ұтысын жариялағысы келмейді. Сұхбат бермейді, фотосессиядан бас тартады. Ұтыс сомасы мен жеке дерегін жариялаған жағдайда сотқа беретіндерін айтып, қорқытады. Қомақты қаржы ұтқандар беттеріне маска тағып, көзілдірік киіп келетін көрінеді.

Төлебаевтың мәліметінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бүкіл лотереялық өнімдердің ұтыс қоры, яғни, аударылған ұтыс көлемі 305 млрд теңге болды. Ал ұтыс операторларының жалпы ақша айналымы 356 млрд теңге. Заң бойынша 18 жастан асқан азамат ғана лотереяға қатысуға құқылы. Лотереяның әділетсіз өткеніне қатысты шағымдар да аз емес дейді вице-министр. Ұтылғандар лотерея операторына жаппай ақпараттық шабуыл жасап, министрлікке шағым түсіреді. Өз кезегінде министрлікті оператормен бірге дауды медиация арқылы шешуге жөн сілтейді. 2020 жылы Атыраулық тұрғын 109 миллион теңге ұтып алғаны есімізде. 45 жыл бойы лоторея ойнап жүрген жеңімпаз өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аты-жөнін айтудан бас тартқанды. Ұтысын 11 немересіне үлестіріп берем дегені есімізде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.