Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ломбардтар заңды бұзып отыр

c 10:42, 29/01/2021 c 640

0:00 / 0:00

Сенатор Андрей Лукин ломбардтар мен микроқаржы ұйымдарының жұмысына қатысты заң бұзушылықтар орын алып отырғанын айтты. Соның салдарынан ондаған мың қазақстандық алданып, зардап шегуде. Сенат депутаты бұл сауалын қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жолдап, мәселені назарға алуды талап етті.  Оның айтуынша, елімізде өз ісін дөңгелетіп отырған ломбардтардың барлығы  қарызға алған сомадан 100 пайызға аспауы керек деген жылдық ставканың шекті көлемін ұстану туралы талапты орындамай отыр.

Қала көшелеріндегі көздің жауын алатын жарнамаларда «ақшадан қысылсаң бізге кел» деген жазбаларады жиі көзің шалады. Қаражаттан қиналып қалған сәтінде адамдар ломбардтарға жүгініп, қымбат әшекейлерін, тұрмыстық техникасын, тіпті авто көлігін ломбардқа салып, қарыз алып жатады. Алайда, оның қайтарымы тым қымбатқа түседі. Ломбардттардың алдында тұрған кезек те көбейді. Әсіресе карантин барысында табысынан  йырылған жұрт оыслайша қарызға кіріп жатты. Тіпті, құқық қорғау органдары «Гарант 24», «Estate Ломбард» ломбардтарының алаяқтық жасағанын да әшкерледі. Бұл микроқаржы ұйымдарының басшылары болса, клиенттерін алдап соғып, жымқырған ақшасымен бірге қашып та кетті. Ал ломбардатрға ұрланған заттар да тапсырылып жатады.  Сенатор Андрей Лукин елдегі ломбардттармен микроқаржы ұйымдары қарызға берген ақшаның пайыздық көлемін тым шарықтатып отыр дейді.

Андрей Лукин – ҚР парламент сенатының депутаты «Еліміздегі өз ісін дөңгелетіп отырған ломбардтардың барлығы  қарызға алған сомадан 100 пайызға аспауы керек деген жылдық ставканың шекті көлемін ұстану туралы талапты орындамай отыр. Ставкалары 10 есеге көп. Кейбірі қарыз беру келісімінде комиссияның көлемін жасырады».

Осыған орай сенатор Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне мәселені қатаң назарға алуды ұсынды. Депутаттың айтуынша,  ломбардтар өз жұмысын бастағаны туралы мемлекеттік органдарға ескертпеуге құқылы екен. Бұл дегеніміз ломбардттардың қызметі құзырлы орган  тарапынан бақыланып, реттелмей отыр. Соның салдарынан оларға қатысты қандайда бір әкімшілік шара қолдану да мүмкін емес.

Андрей Лукин – ҚР парламент сенатының депутаты «Ломбардтқа кепілге қойылған мүлікті оның иесіне автоматты түрде ескерте отырып, жария сауда өткізетін платформа қажет. Тіркелмеген барлық ломбард заңды түрде қайтадан құрылуы немесе мүлдем жабылуы тиіс»

Ломбардттардың заңсыз әрекетінен  17 мыңдай азамат зардап шекті. Келтірген шығын көлемі 21 млрд теңгеден асады. Қазіргі таңда еліміздің 14 өңірінде алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қатысты 32 қылмыстық іс тергелуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.