Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛШАДАН ЕКІ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ

c 15:01, 29/12/2023 c 44

0:00 / 0:00

Елде қызылшамен ауырғандар саны көбейіп жатыр. Ахуал мәз емес. БҰҰ Балалар қоры қызылшаның таралуы бойынша Қазақстанды әлемде бірінші орынға қойып отыр. Ауырғандардың басым көпшлігі балалар. Науқастардың арасында екпе алмаған балалардың үлесі – 83,6%. Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, қызылшаның өршуіне екпе алмағандар санының артуы себеп болып отыр. Енді бірі екпе алу жасына жетпеген болса, қызылшаға қарсы вакцина жасатуға ата-аналардың бас тартуы да негіз болып отыр.

АЙЖАН ЕСМАҒАМБЕТОВА – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ-БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕР «Бүгінгі күні елде 28 мыңнан аса науқас қызылшамен тіркелді. Оның 83 пайызын 14 жасқа толмаған балалар құрап отыр. Көбінесе қызылшамен балалар ауырып жатыр. Оның 80 пайызы- екпе салдырмағандар. Бұлар екпе алу жасына жетпегендер және екпе жасату уақытын өткізіп алғандар мен вакцинадан мүлдем бас тартқандар».

Вице-министрдің айтуынша, қызылшаға қатысты көп ата-ана баласына вакцина салғанша, ауырып шықсын деп ойлайды. Бірақ қызылшаның өзінен емес, оның асқынуынан қорқу керек. Себебі қызылшамен ауырған балада 5-7 жылдан кейін панэнцефалит пайда болуы мүмкін. Яғни жалпақ тілмен айтқанда ми жойылып кетеді дейді Есмағамбетова. Қызылша 5 жасқа дейінгі балаларға өте қауіпті. Қызылшамен ауырып шыққан бала кем дегенде 2 жыл ішінде инфекция ауруларын жұқтыруға бейім болады. Өкінішке орай елде өршіп тұрған қызылшадан екі өлім дерегі тіркелді. 15 Бала ауыр халде жатыр.

АЙЖАН ЕСМАҒАМБЕТОВА – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ-БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕР «Екі бала өлімі Астана мен ШҚО-да тіркелді. Екеуі де бір жасқа толмаған балалар. Бірбала шала туған еді.Оның үстіне қызылша қосылған. Вакцинациямен қамту кезінде біз 95 пайыз қамтылды десек, соның 5 пайызында осындай санат болуы мүмкін. Ұжымдық иммунитет вакцинацияға жатпайтын балаларды сақтау үшін керек. Қазір қызылша жұқтырған 15 бала ауыр халде жатыр»

Мемлекеттік бас санитар дәрігер елде қызылшаның таралуы қашан бәсеңдетудің жалғыз жолы-вакцина деп отыр. Қызылшаға жиі шалдығатын 5 жасқа дейінгі балаларды қаншалықты тез және ұйымдасқан түрде қамтысақ. Жағдайды тұрақтандыруға болады дейді ол. Қазір республика бойынша қызылша инфекциясының таралуына қарсы жаппай иммундау жүріп жатыр. Бүгінде қосымша вакциналауға жататын 1,5 млн адамның 608 мыңнан астамы егілген. Яғни вакцианмен қамту 40,5% құрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.