Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қытай вакцинасынан тартынады

c 20:41, 06/05/2021 c 822

0:00 / 0:00

Қазақстандықтар қытай вакцинасын салдырудан тартынады дейді дәрігерлер. Айта кету керек, бүгіннен бастап ел емханаларында Қытай технологиясымен әзірленген араб вакцинасы салынып жатыр.  Қазақстандықтар QazVac пен Спутник V-ден басқа, Hayat-Vax  салдыра алады. Дегенмен, азаматтарымыз  қытай екпесін салдыруға құлшынып тұрған жоқ. Мысалы, елордадағы 13 емханада қытайдың вакцинасын екі адам ғана алған. Көбісі отандық вакцинаны сұрайды дейді дәрігерлер.

Бүгінде Қазақстанда ковидке қарсы екпе салдырамын деушілерге үш вакцина ұсынылып отыр. Бұл ресейлік Спутник V, қазақстандық QazVac және қытай технологиясымен өндірілген арабтың Hayat-Vax  екпесі. Ендігі еліміздегі ірі ұлттық компаниялар қытай вакцинасын салдыруға тапсырып беріп те қойды. «Самұрық-Қазына» қоры өз қызметкерлеріне қытай вакцинасының 1 млн дозасын  31 млн долларға сатып алды. Компанияда 276 мың адам қызмет етеді. Екпені олардың туыстары да салдыра алады. Қор сатып алған вакцинаның қалғаның қатардағы қазақстандықтарға бермекші. Алайда, қазақстандықтар емханаларға түскен қытай вакцинасын салдырудан тартынып отыр дейді дәрігерлер.

Мамандардың айтуынша, ұсынылып отырған барлық вакцинаның құрамы бірдей. Ақпан айынан бері ресей екпесі салынып жатқаны мәлім. Жақында отандық вакцина енгізілді. Қазақстандық екпеге сұраныс өсіп жатыр дейді мамандар.

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтардың 60 пайызы екпе алып, ұжымдық иммунитет қалыптасқан жағдайда ғана б\масканы шешеміз дегенді. Бүгінде елде 1,5 адам екпенің бірінші дозасын салдырған болса, екінші компонентті алып, толық вакцинацияланғандар саны 400 мыңды ғана құрап отыр.  Бұл екпінмен жыл саңына дейін 6 млн адамға вакцина салып үлгереміз бе?

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.