Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қысты шығарып салды

c 17:36, 11/03/2019 c 674

0:00 / 0:00

Кеше қалалық мәдениет және демалыс саябағында қыс маусымын шығарып салуға арналған славян халқының көңілді мерекесі «Масленица» мейрамы тойланды. Аталмыш шараға жиналған халықтың қарасы көп болды. Ал соңында сабан қуыршақты өртеу рәсімі өтті. Шаған өзені жағасында өткен мереке жиылған жұртқа көтеріңікі көңіл-күй сыйлап, елді бір серпілтіп тастады. Масленица арқылы халық қыс маусымын құрметпен шығарып салып, көктемнің келуіне жол ашады. Бұл күнгі шарада әдеттегідей тоқшылық пен молшылық шақырсын деген ырыммен құймақ тарату рәсімі жасалып, саябаққа келушілерге кәсіпкерлер тәтті тағамдарды әзірлеп сатты. Театрландырылған көріністер қойылып, әншілерге қоса үрмелі аспаптар оркестрі, ұлттық-мәдени орталықтардың ансамбльдері өнер көрсетіп, думанды қыздыра түсті. Тұрғындар бұл қуанышты сәтті тағатсыздана күтеді. Өйткені құймақ күн сәулесін білдіреді, одан дәм татқан адам өзіне күш-қуат жинап, жақсылыққа бөленеді деген ұғым бар. Мереке жеті күнге созылып әр күн түрліше тойланады. Славян халқының дәстүрлі мерекесінде тұрғындар қызығушылығын арттырған бірнеше спорттық ойындар болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.