Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КӨКТЕМ БАСЫ – КӨРІСУ»

c 17:29, 14/03/2023 c 142

0:00 / 0:00

14 наурызда еліміздің батыс аймағына тән «Көрісу күні» тойланады. Кейбір өңірлер бұл күнді «амал мерекесі» деп те атайды. Көктемнің бастауы саналатын атаулы дата жылдар жылжыған сайын маңыздылығын жоғалтпай келеді. Жылдағы дәстүрден жаңылмай, Ақ Жайық жұртшылығы «Атамекен» өнер ордасында Көрісу күнін атап өтті. Театрландырылған көрініс арқылы мерекедегі жоралғылар айшықтала түсті. Салт-дәстүр насихатталып, өнер ұжымдары ән мен биден шашу шашты.

Өнер ордасының фойесінде тұрғындар арқа-жарқа, көтеріңкі көңіл күйде. Қол алысып, төс қағыстырған үлкенді-кішілі тұрғындардың жаңа күннен үмітті екені сезіледі. Камзол киген әжелердің әсем әні мен домбырашылар тартқан күй күмбірі - бәрі жарасымды. Бұл күні ақсақалдан бата алып, ақ жаулықты ананың тілегіне құлақ түрмеу мүмкін емес.

Көрісу қазақ халқының Жаңа жылы саналатын Ұлыстың Ұлы күні - 22 наурыз мерекесінің бастауы. Сондықтан білім ордалары мен балабақшаларда, мәдени нысандар мен кітапханалар қабырғасында танымдық шаралар жалғасатын болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.