Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫМБАТ СТАДИОН

c 17:40, 17/11/2020 c 644

0:00 / 0:00

31 милиион долларға салынған Түркістан футбол стадионы неліктен қымбатқа түсті? Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қымбат стадионның ерекшелігін түсіндірді. Әкімнің айтуынша, «Самұрық-Қазына» қоры өңірде  бірнеше нысан салып, сыйға артты. Соның бірі - 7 мың орынға арналған стадион. Одан кейін Конгресс-Холл, Оқушылар сарайын, Ахмет Ясауи мұражайын, Амфитеатрды сыйға тартқан. Сапалары өте жоғары, қазіргі заманның барлық талаптарына сай нысандар дейді ол. Елордада әкіммен өткен  брифингінен толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Түркістан облысын дамыту қарқынды жүріп жатыр. Өңірді экономикалық, әлеуметтік дамытуды қолға алған әкім  Өмірзақ Шөкеев, қаланың келбетін де өзгертіп жатырмыз дейді. Тіпті Түркістанда Еуропа елдеріндегідей стадион бой көтерді. Алайда, 7 мың орынға арналған стадионның бағасы айғайлап тұр. Нысанның құрылысына 31 миллион  доллар жұмсалған. Ал мұндай қаржыға Еуропада 20-25 мың орындық стадиондар салынады. Мысалы, Италиядағы  25 мың көрерменге арналған әйгілі «Дачиа Арена» стадионының құрылысына  23,5 миллион доллар жұмсалған. Журналистер тарапынан Түркістан өңірінде  қымбат стадион салудың қандай қажеттілігі туындады деген сұрақ қойылды. Облыс әкімі Шөкеев бұл стадион «Самұрық-Қазына» қорының қаржатына салынып, өңірге сыйға тартылғанын айтып ақталды.

Өмірзақ Шөкеев –түркістан облысының әкімі «Еуропадағы және біздегі стадиондарды салыстыруға келмейді. Еуропаның футбол стадиондарында тек алаң мен трибуна ғана болады. Біздегі көпбейінді стадион саналады. Алаңы, жеңіл атлетикамен айналысатын жолы, трибуна астында гимнастика, ауыр атлетика, йога сынды спортпен айналысуға арналған залдары бар. Мамандар әзірше бұл стадионға 7 мың орын жетеді деп отыр. Орын жетпесе қақпа артына және жалғастырып тағы орындық қоюға болады».

Айта кету керек, киелі Түркістан қаласында футбол клубы атымен жоқ.2005 жылы жабылып қалған. Енді милииондаған долларға салынған қымбат стадионның ішін толтыру керек. Шөкеев мырза бұл мәселе шешіледі деп отыр.

Әкімнің айтуынша, Самұрық-қазына қоры қалаға сондай-ақ, Конгресс-Холл, Оқушылар сарайын, Ахмет Ясауи мұражайын, Амфитеатрды сыйға тартқан. Жақында Түркістанда халықаралық әуежай ашылғаны мәлім. Осыған орай, Түркістаннан тікелей шетелге рейстер ашылады. Елдегі қауіпті індеттің таралуы бәсеңсіген соң, Түркістан қаласынан Түркияға, Меккеге халықаралық рейс жұмысын бастайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.