Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қымбат нан

c 19:58, 14/10/2019 c 1051

0:00 / 0:00

Ауыл шаруашылық министрі  нан бағасының қымбаттайтынын мойындап отыр. Бүгін өткен үкімет отырысында астық жинау науқаны туралы мәселе қаралған еді. Биыл дәнді дақылдардың өнімділігі төмен. Сондықтан, облыс әкімдіктері  тұрақтандыру қорларына бидай мен ұн сатып алып жатыр. Министр Сапархан Омаров биыл дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының өнімділігі бункерлік салмақта 19 миллион тоннаны құрауы мүмкін дейді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2 миллион тоннаға кем. Астық жинау көлемінің төмендеуі, нан бағасына кері әсер етуі мүмкін.

Мәтін. Ырзығы мол алтын күздің басты сыйы-нан. Алайда, ел диқандары биыл былтырға қарағанда астықты аз жинап жатыр. Оған жаздағы құрғақшылық әсер етті дейді ауыл шаруашылық министрлігі басшылығы. Алдын-ала болжам бойынша биыл жиналатын астық көлемі 2018 жылағ қарағанда 2-3 млн тоннаға аз болмақ. Астық көлемі азайса, нан бағасы шарықтайтынын сөзсіз. Оны министрдің өзі де мойындап, бір емес бірнеше рет «нан қымбаттайды» деп қайталай берді.

Сапархан Омаров – ҚР ауыл шаруашылық министрі; «Баға өседі, баға өседі, баға болар-болмас қымбаттайды. Нан бағасын күрт өсірмеу үшін біз Азық-түлік корпорациясымен бірлесіп, астық сатып алып жатырмыз»

Министрдің айтуынша нан 5-6 теңгеге қымбаттайды.

Сапархан Омаров – ҚР ауыл шаруашылық министрі; «Қазір нан бағасы өңірге байланысты 75-78 теңге. Мен баға болар-болмас өседі деп топшылап отырмын. Шамамен 80-82 теңгеге дейін»

Облыс әкімдіктері тұрақтандыру қорларына бидай мен ұн сатып алып, қамданып жатқан жайы бар. Жыл сайын ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін, әр жылдың ақпанынан шілдесіне дейін Азық-түлік корпорациясы ұн тарту комбинаттарына 150 мыңнан 250 мың тоннаға дейін бидай сатады. Биыл нан бағасы шарықтап кетпес үшін министрлік нарыққа 150 мың тонна астық өткізген. Алайда, нан бағасының қымбаттауына тек астық ың аз жиналуы ғана емес, жанар-жағар май мен электр энергиясының бағасы да әсер ететіні мәлім.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.