Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қылмыстық сот алты айды қорытындылады

c 18:43, 10/07/2018 c 630

0:00 / 0:00

Өңірімізде биылғы жылдың алты айында қылмыстық сотқа он сегіз қылмыстық іс келіп түскен. Адам өлтірді деген айыпты арқалаған 25- адамның 24і бас бостандығынан айырылған. Бір азамат ақталып шыққан. Биылғы жылы алқа билермен ұйымдастырылған сот алқасы болмаған. Бұны сала мамандары, алқа билер қарайтын істің болмауында деп бағалап отыр.

Биылғы жылы ауыр қылмысты қарайтын сотқа 18 іс келіп түсіп, 25 адамға қатысты үкім шыққан. Жиырма төрт азаматтың айыбы дәлелденіп, бас бостандығынан айырылу туралы үкім кесілсе, енді бір азамат соттан ақталып шыққан. Облыс бойынша адам өлтіру туралы қылмыс 7,7 пайызға артып отыр.

Биылғы жылдың алты айында қорытындылаған судья 100 нақты қадамның аясында жаңадан әзірленген заң жобаларына тоқталды. Аталмыш заң жобасының аясында алқа билер қарайтын сот процестерінің саны көбеймек. Сондай-ақ, келешекте алқа билердің саны 6-ға дейін қысқармақшы. Қазіргі таңда, олардың саны онды құрайды.

Биылғы жылдың бірінші жартысында әйел адамдардың қолымен екі қылмыс жасалыпты. Өткен жылы мұндай әйел затының қолымен жасалған қылмыстық істер тіркелмепті. Сондай-ақ, 2018 жылдың алты айында заңсыз есірткі тасымалдау фактілері орын алмаған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.