Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫҢ ТАБЫСЫ ҚАЙДА?

c 18:56, 20/04/2022 c 529

0:00 / 0:00

Квазимемлекеттік сектордың табысы қайда кетіп жатыр? Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бюджетті жоспарлауда ұлттық компаниялардың табысын толық қолданбай отырмыз деді. Бұл жайында ол Мәжілістің жалпы отырысында айтты. Парламент Мәжілісі «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Осылайша Президенттің қаңтар оқиғасынан кейінгі берген тапсырмаларын және мемлекеттің басқа да шұғыл міндеттемелерін іске асыруға бағытталған бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге артты. Бюджеттің өз кірістері -1,1 трлн теңге, - Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт - 1,6 трлн теңгені құрады.

Жолдауда жарияланған реформаларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет жобасында өңірлердегі ауыз сумен қамту, жол, тұрғын үй сияқты қордаланған мәселелерді шешу үшін 476 млрд теңге бөлінеді. Қорғаныс, құқық қорағу органдарына бөлінетін қаржы көлемі де қомақты. Әлеуметтік төлемдер де бар. Үкімет қазынадан бөлінетін шығысты тағы да Ұлттық қор есебінен жүзеге асырмақ. Ұлттық қордан 1,6 трлн теңге тартылады. Алайда депутаттар Үкімет мүшелелеріне сын-ескертпелер айта келіп, ұлттық қорға қол жаюды азайтқан жөн деді. Өз кезегінде Мәжілісмен Перуашев квазимемлекеттік сектордың табысын жасырмай, бюджетті жоспарлауды толық қолдану қажет деді. Соңғы он жылда квазисекторға 34 млрд доллардан астам қаржы бөлінген. Сосын да болар көптеген ұлттық компаниялар кәсіпорындарды жаңартуға қызығушылық танытпай отыр.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Ұлттық қорда жалпы ішкі өнімнің 32 пайызы ғана қалды. Яғни мұның қайтарымы жоқ. Ақжолдықтар мемлекеттің сыртқы қарызы мен Ұлттық қордың шығынының өсіп жатқаны туралы талай айтты. Үкімет квазимемлекеттік сектордың табысын толық қолданбай отыр. Тіпті қоғам мен Парламенттен олардың табысын жасырады. Президент Үкіметке квазисектордың кірісін толық қолдануды айтқан болатын. Бірақ Үкімет ұлттық компаниялардың табысын 100 пайыз пайдаланбай, 1,4 пайызын ғана игеріп жатыр»

Еліміздің бас қаржыгері болса, бюджет түсімі артқан жағдайда ғана Ұлттық қорға қол созбаймыз деп ақталады.

13 жылда квазимемлекеттік сектор Қазақстанның жеті бюджетін құрайтын қаражат алып келді. Көптеген мемлекеттік компаняилар үшін қазына қаржысы кіріс көзіне айналған. Ал өз кезегінде шағын және орта бизнеске берілетін несие көлемі артты. Бизнес үшін қолжетімді, ұзақ мерзімді, арзан несие алу арман болған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.