Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылысшылар бас көтерді

c 09:50, 11/06/2021 c 555

 

0:00 / 0:00

Он жылдан артық салынып бітпей  қойған Абу-Даби Плаза кешенінің жұмысшылары жалақыға қатысты бұған дейін де бірнеше рет бас көтерген болатын. Тас қалаушы, сырлаушы, сылақшы жұмысын атқарып жатқандардың айлығы 300 мың теңгенің көлемінде. Қара жұмыста жүргендер Нұр-Сұлтанға еліміздің  түкпір-түкпірінен келгендер. Бүгін 75 қабатты кешеннің жұмысы тұрып қалды. Себебі, екі айдан бері жалақысын ала алмай жүрген 100 шақты құрылысшы  наразылық акциясын өткізді. Осылай шу шығарғанда ғана ақшамызды береді дейді олар. Ал жұмысшылары бас көтерген «ҚазақстанСтройТехно» компаниясының басшысы бас мердігер атқарған жұмысымыз үшін ақшамыз бермей отыр дейді.

Бас мердігер компания өкілі болса, кешке дейін жұмысшылардың  айлығын  өтейміз деп састы.

Ілияс Дәуленов – «Arabtec consolidated contractors limited» компаниясының өкілі «30 млн теңгені «ҚазақстанСтройТехно», 20 млн теңгесін «Қазақстан инжинирингПровайдер» компанияларына аударамыз. Кешкі беске дейін жалақыларыңызды аласыздар. Бұл 1,5 айдың айлығын өтеуге жетеді. Сіздерге екі ай үшін қарызбыз. 1,5 айды жабамыз».

Мемлекеттік еңбек инспекторы болса,  құрылысшылардан шағым түскен жоқ. Сол себепті еңбек заңын бұзған компанияларға қатысты шара қолдана алмай отырмыз дейді.

Жалпы аталған екі компанияның 300 жұмысшысы  айлығын ала алмай отыр. Олардың айтуынша, жұмыс беруші компаниялар айлығын ұстағанмен қоймай, зейнетақы жарнасы мен медициналық сақтандыру қорына төлем аудармайды екен.  Енді олар қолдарына айлығы түспей, жұмыс істемейміз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.