Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Күйі кеткен тынымбақ

c 12:22, 04/04/2018 c 1002

0:00 / 0:00

Орал қаласында мердігерлер тынымбақта пайда болған кемшіліктерді жоюда. Қар еріп, тоң жібігенде 6-шы жəне 4-ші шағын аудан аралығындағы тынымбақтың тас төсеніштері опырыла бастаған. Қазір бірнеше жерде ылдиланып, шұңқыр пайда болып отыр. Мердігерлер кепілдік бойынша бұл кемшілікті жоюға уəде етті. Тынымбаққа жеткен жұмысшылар жұмысқа кірісіп жатыр.

Тынымбақ тұңғыш президент күнінде ашылып, қолданысқа берілген болатын. Құрылыс жұмысына 90 млн. теңге қаражат жұмсалған. Бұл желек жолды тынымбақтың ішімен оқушылар 24-ші мектепке барады. Сондықтан қазіргі жағдайды ата-аналар қауіпті деп санайды. Қар ерігенде опырылған тас төсеніштер бірнеше тұстан қызыл баумен қоршауға алыныпты. Демалыс орнының құрылысы қолайсыз мезгілде асығыс жасалғандықтан осындай күйге түсіп жатыр,-дейді тұрғындар.

Құрылысқа жауапты мердігерлер 3 жылға дейін тынымбақты кепілдік бойынша жөндеуге міндеттеледі. Қазір олар кемшіліктерді жою үшін жұмысқа кірісіп отыр.

Мердігерлер алаңда пайда болған олқылықтар бір аптаның ішінде қалыпқа келтіріліп, жаңаланады деп уәде берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.