Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кредит қымбаттайды

c 19:45, 12/03/2020 c 502

0:00 / 0:00

Үкімет пен Ұлттық банктің кредиттерді қымбаттатуға қатысты шешімі сынға ілікті. Қоғамдық белсенді Мұхтар Тайжан  әлеуметтік желідегі жазбасында ағдарысқа қарсы жоспарды сынап тастады.  Оның айтуынша, енді бизнес үшін  несие қолжетімсіз болып қалады.  Алайда, еліміздің бас қаржыгері Әлихан Смайылов  қолға алынған шаралар тиімді деп отыр.

Ұлттық банк несиені 3 пайызға қымбаттатып отыр. Осылайша инфляцияның шарықтап кетпеуін қамтымақ. Бас қаржыгер Әлихан Смайылов бұл амалсыздан қабылданған шара дейді. Сондай-ақ, Ұлттық банк шарықтап кеткен доллар бағамын ұстап тұру үшін алтын валюта резервінен қаржы  құюды жоспарлап отыр. Сонымен бірге мұнай арзандап отырған шақта үкімет ел бюджетін қайта қарамақ. Бюджет тапшылығын жабу үшін 1 млрд доллар Ресейден қарыз алып отыр.

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанның жазбасында айтылғандай, теңге бағамын ұстап тұру үшін алтын валюта қорына қол салып жатыр. Бұл аяғында мемлекеттің  банкротқа ұышрауына әкеп соғады дейді ол.

Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, доллар шарықтап отырған сәтте теңгені жасанды түрде ұстап тұру жыртықты жамау болып табылады. Бір ғана үміт-мұнай бағасы қайта көтерілсе жақсы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.