Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көші-қон статистикасы

c 19:18, 12/10/2020 c 924

0:00 / 0:00

БҚО-нан 1452 адам басқа аймаққа немесе өзге елге кеткен. Оның ішінде 445 жағдай халықаралық көші-қон қозғалысы ретінде тіркеліпті. Бұл жөнінде статистика басқармасы мамандары хабарлап отыр. Жалпы облыста қазір шетелден келіп жұмыс жасап жүрген мигранттар саны айтарлықтай қысқарғаны байқалып отыр. Бұған себеп әлемдік деңгейдегі ахуал болса керек.

Әлем бойынша жаман індеттен туындаған ахуал көші-қонға әсер еткені аңғарылады. Шекаралар жабылғанда өзге мемлекетте жұмыс жасап жүрген жандар туған еліне, отбасына жетуге асыққан болатын. Жыл басынан бері БҚО-нан шамамен 16 мың адам кеткен. Ал өңірге табан тірегендер саны 14 мыңның үстінде. Өңір халқы ағымдағы есеп бойынша 659 мың адамды құрайды,-дейді БҚО статистика департаментінің бас маманы Хайдар Искаков.

БҚО-да қызмет етіп жүрген жандардың бірі-Сьюзан Буль. Мұғалім оңтүстік Африка республикасынан арнайы шақыртумен келіп Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жұмыс жасап жүр. Карантин кезінде де ағылшын пәнінен сабақ берген ұстаз өз Отаны мен Қазақстанның ұқсастықтары барын айтады. Бірақ табиғаты мүлдем ұқсамайтындықтан бейімделуге тура келді дейді сұхбат барысында.

Ағылшын пәнінің мұғалімі Сьюзань Буль: "Мен Орал қаласына 2017 жылдың қыркүйек айында келдім. Маған осында ұнайды. Себебі басымдықтары көп. Оңтүстік Африка республикасы мен Қазақстанның өмірінде ұқсастықтар мен айырмашылықтар өте көп. Мәдениет мен салт-дәстүрі мүлдем басқаша, әрине. Бізде де халық ет жегенді жақсы көреді. Сол жағынан сәйкестігіміз бар екен. Екі елде де балалар білімге құштар. Бізде бірақ елден көп шықпайды. Қазақстандық балалар шетелде білім алуға құмартады. Кейін елге келіп қызмет етеді. Маған сол қатты ұнады".

Көші-қон саласындағы бұл көрсеткіштер жұмыс бабы, білім алу мен өзге елге қоныс аудару жағдайларымен байланысты болып отыр.  Жалпы халық санының өсімі байқалады. Қалаға ауылдықтар ағыны 772 адамды құраған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.