Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елімізде 7,5 мың жарымға жуық адам азаматтығы жоқтардың санатында

c 18:11, 27/09/2019 c 891

0:00 / 0:00

Елімізде 7,5 мың жарымға жуық адам азаматтығы жоқтардың санатында. Бұл тек ресми деректер ғана. Дерек көзіне ілінбегендер қаншама... Қазақстанда 3 ұрпаққа жалғасқан азаматтығы жоқ азаматтар өмір сүруде. Олар мемлекеттiң қарауында болмағандықтан адам құқығы, әлеуметтiк жеңiлдiктер, бiлiм алу, үйлену сияқты адами құндылықтардан шет қалып келеді. Қазақстанның Халықаралық Адам құқықтары жөніндегі бюросы және БҰҰ -ның Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы бірлесіп өткізген дөңгелек үстел басындағы әңгімеде Қазақстан Республикасындағы азаматтық мәселесі және азаматтығы жоқ азаматтарға қатысты заңдылықтың оңды тұстары және оны одан әрі жетілдіру қажеттілігі сөз болды.

Бiрiккен Ұлттар ұйымының мәліметінше, Жер шарындағы 12 млн. адамның азаматтығы жоқ. Алайда арнайы санақ жүргiзiлмегендiктен, азаматтығы жоқтардың нақты саны әзiр белгiсiз. Заңға сүйенсек, азаматтығы жоқ тұлға бiрде бiр мемлекеттiң қарауында болмағандықтан адам құқығы, әлеуметтiк жеңiлдiктер, бiлiм алу, үйлену сияқты адами құндылықтардан шет қалған.

Батыс Еуропа, Латын Америкасы елдерінде азаматтығы жоқтардың мәселесі белсенді шешілуде. Өркениеттік үрдісті , халықаралық құндылықтарды ұстанған біздің елімізде де азаматтығы жоқ тұлғалардың құқының шектелмеуі, білім алуы, денсаулығы, әлеуметтік мәселеден, басқа да игіліктерден қағыс қалмауы ескерілген. Құжаты жоқтар мен құжатынан қағылған өзге елдің азаматтары бірінші кезекте Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына жүгінетіні сөзсіз.
Аталмыш орталық жыл басынан бері 22 адам құжаттандырған екен. Азаматтығын алалмайтындардың көбісі қызыл төлқұжатты тәуелсiз елiнiң жаңа құжатымен ауыстыруға асықпағандар болып отыр.

Қазіргі таңда БҚО-нда азаматтығы жоқ 81 адам белгілі болып отыр. Былтыр 71 адам құжат алу жайында өтініш білдіріп, мәселесі шешілген. Дегенмен, бұл ретте қиындықтар да жеткілікті. Азаматтығы жоқ тұлғаның балалары да, тіпті ол біздің елде өмірге келсе де Қазақстан азаматтығын ала алмайды. Сондықтан бұл мәселеде күрмеулі тұстар баршылық. ҚР Азаматтығы туралы заңға сәйкес, 1992 жылдың 1 наурызынан елімізде тұрғандарға ғана ҚР азаматтығы беріліп келеді.

Басқосуда кемшін тұстарға тосқауыл қою, бұл бағытта әлемдік озық тәжірибені зерттеп, зерделеп, іске асыру, еліміздегі заңдылықты жетілдіру жайы сөз болды

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.