Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құжатсыз өмір - кедергіге толы

c 17:47, 13/11/2019 c 791

0:00 / 0:00

БҚО тұрғыны, 2-топтағы мүгедек 28 жылдан бері Қазақстан азаматтығын алма алмай келген. Мүмкіндігі шектеулілігіне орай берілетін жәрдемақыдан да 28 жыл бойына қағылған.Бар себеп - әлеуметтік жағдайының болмауы.Сала мамандары атап өткендей, жыл басталғалы 94 адам құжат алу жайында өтініш білдіріп, мәселесі шешілген. Дегенмен, бұл ретте қиындықтар да жеткілікті. Азаматтығы жоқ тұлғаның балалары да, тіпті ол біздің елде өмірге келсе де Қазақстан азаматтығын ала алмайды. ҚР -ның азаматтығын алу құжаты 3 ай көлемінде қаралады. ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің рұқсаты да басты назарда. Кейіпкеріміз өңірге қоныс тепкелі жүйке аурулары орталығының тіркеуіне алынған.  ҚР Азаматтығы туралы заңына сәйкес, оның 1992 жылдың 1 наурызынан бері өңірімізде тұрақтағаны жөнінде қандай да бір мәлімет  болуы керек. Аталмыш орталық берген анықтама  жеке куәлік беруге негіз болып отыр. Қала тұрғыны 28 жыл бойына көрмеген жеке куәлікті 5 күннен соң қолға алмақ.

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.