Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоршалмаған қоқыс алаңы

c 17:44, 13/04/2021 c 412

0:00 / 0:00

Циалковский 16/1 мекенжайының тұрғындары ауламыз қоқыс полигонына айналды деп дабыл қағуда. Осы мәселе бірнеше жылдан бері шешілмей келеді. Жел тұрса болды, қоқыс жәшігінен ұшқан қалдықтар аулаға шашылады. Тұрғындар соның кесірінен балаларымыз ойын алаңында асыр салып, ойнай алмайды деп шағымданып отыр.

Тұрғындар үй ауласының сыйқын кетірген қоқыс мәселесімен бірнеше жылдан бері күресіп келеді.

Қаладан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын "Орал таза сервис" компаниясының директоры күн сайын аталмыш мекенжай бойынша қоқыстың алынатындығын айтады.

Тұрғындар мәселені шешу үшін тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне қоқыс алаңын қоршап беру туралы хат жазуы керек екен. Содан кейін жарияланған мемлекеттік сатып алу байқауынан ұтқан компания жұмысқа кіріседі. Өткен жылы осындай қоршаусыз жатқан 30-ға жуық тұрмыстық қалдық тастайтын контейнер маңы қоршалған көрінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.