Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫ ҚЫМБАТҚА ТҮСІП ОТЫР

c 19:23, 10/06/2022 c 721

0:00 / 0:00

Қоршаған ортаның ластануы мемлекет қазынасына 10 млрд доллар шығын келтіріп отыр. Қазақстанда энергия көзі тиімді пайдаланылмайды. Дүниежүзілік банктің берген бағасы осындай. Ал еліміздің индустрия министрлігінің мәліметінше ел аумағында тұтынылатын бүкіл энергияның үштен бірін 928 кәсіпорын қолданады. Бұл мәселе бүгін елордада өткен энергия тиімділігі тақырыбана арналған конференция барысында талқыланды.

Қазақстанда энергия көзін тиімсіз жұмсалады. Дүниежүзілік банк өкілі Жан Франсуа Мартоның айтуынша, ғимараттардағы энерго тиімділігін үш есеге арттыруға болады. Ең бастысы жылудың сыртқа шықпауын қамту қажет.

ЖАН-ФРАНСУА МАРТО – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІ «Субсидияға 4 млрд доллар жұмсалады. Бұл тым көп. Қазақстанда энергия тиімділігі бойынша проблема бар. Ғимараттардағы энерго тиімдлігін үш есеге арттыруға болады».

Қазақстан Дүниежүзілік банкпен бірлесіп елдегі балабақша, мектеп, аурухана сынды әлеуметтік нысандарды энергиялық жаңғыртуды қолға алды. Республика аумағы бойынша 96 жоба іске асырылды. Біріншіден, энергия аудитін тартудың алгоритмі енгізілді. Одан кейін ғимараттағы олқы тұстар анықталды. Нәтижесінде энергияны тиімді пайдалану ақсап тұр.

Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сәйкес, ірі қалалардағы қоршаған ортаның ластануы тұрғындардың денсаулығына үлкен қауіп төндіріп отыр. Жылда 10 мың адам экологияның ластануынан өмірден ерте озады. Ал Қазақстан экономикасы үшін бұл 10,5 млрд доллар шығын келтіріп отыр. Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда энергия көзін тартуда көмір кеңінен қолданылады. 2060 жылға дейін көмірге тәуелділіктен арылу жоспары бар. Экологтардың айтуынша, көмірден құтылған жағдайда ғана зиянды қалдықтардың шығындысы азаяды. Баламалы энергия көзіне өту керек дейді мамандар. Ал қазір елімізде желден, күннен энергия тарту әзірге төменгі деңдейде және өте қымбат.

АЙГҮЛ СОЛОВЬЕВА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯ ҰЙЫМДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ «Көмірдің халық денсаулығы үшін зияны өте зор. Біздің өкпеміз толып қалады. Денсаулығымызды құрбан қылып отырмыз. Өкпе аурулары көп».

Қазақстанда салынып жатқан үйлердің сыртын қаптау да сапалы жүргізілмейді. Соның салдарынан үйдегі жылу терезе, есік арқылы сыртқа шығып кетеді. Құрылыс компаниялары үйдің сыртын қаптауда 5 см минералды ваталардың орнына 20 см қолданса мүлдем жылу берудің қажеті жоқ екенін біледі. Алайда, инвесторға құрылысқа қыруар қаржы салуға туралы келеді. Сондықтан да шығындалғысы келмейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.