Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОҚЫС ТӨГУ МӘДЕНИЕТІ ЖОҚ

c 02:19, 27/09/2023 c 72

0:00 / 0:00

Қазақстанда қоқыс төгу мәдениеті жоқ. Ал қалдықтарды қайта өңдеу кенже қалып отыр. Экология министрі Ерлан Нысанбаев қалдықтарды рұқсатсыз көбейтумен байланысты жеке жауапкершілік қарастырылмағанын айтады. Оның үстіне бұл баптағы айыппұл мөлшері аз әрі құқықбұзушылардың санасын өзгертуге әсер етпейді. Министрдің ақпаратынша, биыл мамыр айынан бері 5 578 қоқыс орны анықталып, оның 50% ғана жойылды. Сондай-ақ, жою бойынша жұмыс деңгейі Абай және Маңғыстау облыстарында – 16%, Ұлытау облысында – 20%, Астана қаласында – 30% төмен. Елімізде 4,5 млн тонна қоқыс жиналады, өкінішке қарай соның 25-27 пайызы ғана қайта өңделеді. Қоқыс мәселесі бүгін өткен үкімет отырысында қаралған еді.

Заңсыз қоқыс үйінділерін төккен жеке тұлғаларға 20 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған болса, заңды тұлғалар үшін 200 АЕК құрайды. Бұл дегеніміз жарты миллион теңге. Алайда, қоқысын көрінген жерге төгіп жатқан ірі компаниялар бұл айыпұлдан сескеніп тұрған жоқ. Айыппұл төлей салып, заңсыз әрекетін жалғастыра береді. Үкімет басшысы әкімдер мен экология министрлігіне заң талаптарын бұзғандарға қатысты айыпұл мөлшерін ұлғайтуды тапсырды. Премьер қалдықтардың жинақталып қалуы және стихиялық қоқыстардың пайда болуы өзекті экологиялық проблемалардың біріне айналып отыр деді.

Жыл сайын Қазақстанда 4,5 миллион тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады. Алайда қоқысты қайта өңдеу, қарапайым ғана қағида- қоқысты төгу мәдениеті біздің елде кенже қалған. Жағдайды жақсарту үшін әлемнің көптеген елі қалдықтарды қайта өңдеп, утилизация жасап жатыр. Тиісті инфрақұрылым жасалып, халықтың қалдықтармен жұмыс істеу мәдениеті қалыптасқан. Бұл Еуропа елдеріне қалдықтарды өңдеу көрсеткішін 50%-ке жеткізуге мүмкіндік берді. Бүгінде Швеция елі тұрмыстық қалдықтардың 99%-ін қайта өңдеп, пайдаға жаратып отыр. Ал, Қазақстан әлі күнге дейін қоқысты жоюдың жолын таба алмай отыр деп аушланды үкімет басы. Су жаңа экология министрі бұл саладағы жұмысын қоқысмен күрестен бастамақ.

Экология министрлігінің мәліметінше, биыл мамыр айынан бері 5 578 қоқыс орны анықталып, оның 50% ғана жойылды. Министр қазір өңірлермен келісе отырып, 20 астам жоба қарастырылғанын айтты. Оның ішінде іске асыру үшін 7 жобаны нақты белгілеп қойдық, - деді. Жобалардың құны - 38 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, Ерлан Нысанбаев ішкі істер министрлігіне қалдықтарды заңсыз қоқыс үйінділеріне төге беретін тұлғалардың көлігін тәркілеу құзыреті берілетінін айтты. Қазір Экология осы ұсынысты пысықтап жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.