Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КИІКТЕРДІ АТУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛУІ МҮМКІН

c 19:41, 15/06/2022 c 893

0:00 / 0:00

Сайын дала еркесі ақбөкендерді атуға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл жайында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев журналистер сұрағына жауабында айтты. Министрлік басшылығы киіктері екінің бірі немесе аңшыларға атқызбаймыз, мұнымен арнайы ұйым айналысады деп отыр. Ал атылған киіктің етін қайта өңдеугі жіберіп, мүйіздерінен биологиялық белсенді қоспалар жасайтын өндіріс ашпақшы. Ақбөкеннің тағдыры қазір арнайы комиссияда талқыланып жатыр.
Мәтін. Сайын даланы кезген, киелі киіктердің популяциясы көбейіп кетті. Шаруалар ақбөкендер егіс алқаптарын жайпап тастап жатыр деп шағымдануда. Экология министрінің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде киіктердің саны 1 миллион 318 мыңға жеткен. Яғни әлемдегі киіктің 95%-і Қазақстанда болса, оның 65%-і Батыс Қазақстанды жайлаған. Осыған орай өңірде киіктер санын реттеу бойынша мәселе туындап отыр. Серікқали Брекешев негізгі проблема Батыс Қазақстанда орын алып отырғандықтан, арнайы жұмыс тобы құрылды дейді. Қазір биологиялық негіздеме аяқталуға жақын. Оның нәтижесі бойынша киіктердің Орал популяциясын реттеу бойынша шешім қабылданбақ. Яғни министр саны артып кеткен ақбөкендерді атуға рұқсат бермек.

Ал атылған киіктердің етін қайта өңдеуге жіберіп, мүйізінен билогиялық белсенді қоспалар өндіру көзделіп отыр. Ал ақбөкендерді ату жұмысы арнайы ұйымға жүктелмек.

ӘЛИЯ ШАЛАБЕКОВА – ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Бұл аңшылық болмайды. Нақты айтам аңшыларға рұқсат жоқ. Киіктерді атуға арнайы ұйымға рұқсат береміз. Заңға сәйкес. Бізде ондай ұйым бар. Ал киіктердің етін тамаққа падалану үшін қайта өңдеуге жібереміз. Ауру киіктердің етін жағып жібереміз. Ал мүйіздерін билогиялық белсенді қоспалар жасауға қолдану ойымыз бар. Ол үшін өндіріс ашу қажет»

Экология министрлігі дала еркесі киіктердің тағдырын осылай шешпек. Бұған дейін киелі киікті атуға тиым салынып, броконьерлерді жауапқа тарту күшейтілсе. Енді саны тым артып кеткен ақбөкендерді азайтуға тура келіп отыр. Айта кетейік, осыған дейін дала жануарлары шаруалардың егінін таптап, кедергі келтіруіне байланысты олар киіктерді атуға рұқсат сұраған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.