Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КЕТТІҢ БЕ-ҚАЙЫРЫЛМА!»

c 02:09, 05/01 c 34

0:00 / 0:00

Отандық БАҚ, әлеуметтік желі түгел Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұқбатын жарыса талқылап, саясаттанушылар мен сарапшылар да өз пікірлерін ортаға салып жатыр. Мемлекет басшысына қойылған сұрақтар көлемі аз емес. Біз соның ең тұщымды деген тұстарын ұсынбақшымыз. Экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті дамыту мәселесі де сөз болды. Саяси тақырыпқа тоқталсақ. 2019 жылы биліктен кеттім деп, бірақ кетпей қойған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әрекеті елде қосбилік жүріп жатры деген пікір тудырғанды. Сұқбат барысында 2019 жылы Тоқаев Президент лауазымына сайланғаннан кейін елімізде қосар¬ланған билік жүйесі қалыптасты-мыс деген сөз тарады. Кейбіреулер біздің саяси жүйемізді Иранның, Сингапурдың жүйесімен салыстырды. Шынымен де, сол кезде елімізде екі билік орталығы орнағандай көрінді. Расымен солай болды ма?-деген сұрақ қойылды

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Бәзбіреулер қосарланған билік жүйесін орнатуға талпынғаны, тіпті, мұндай әрекеттерді әдейі әрі мұқият ұйымдастырғаны рас. «Билік транзиті» кезіндегі ахуалды саясаттағы айлакерлер өз мүддесіне пайдаланып, қосамжарланған билік орталығын құруға тырысты. Мұны аз десеңіз, дәл осы жағдай Қаңтар дағдарысына әкеп соқтырған алғышарттың бірі болды. Өйткені ымыраласқан қаскөйлер өздері ойлап тапқан қосарланған билік, яғни «тандем» идеясын дәріптеп, оны өз мүддесіне пайдаланғысы келді. Кейбір лауазымды тұлғалардың, оның ішінде бұрынғы Әділет министрінің мәртебе жағынан Елбасы Президенттен жоғары тұратынын айтқаны естеріңізде шығар. Кейбір шенеуніктер біресе ана, біресе мына кабинетті жағалап жүрді. Олар ойнақтап жүріп, ақыры от басты. Мен кейінірек Нұрсұлтан Әбішұлы Назар¬баевқа оның жақын серіктерінің саяси қитұрқылығы еліміздің тас-тал-қа¬нын шығара жаздағанын ашық айттым.Қалай десек те, мемлекетте үлкен және кіші президент деген болмауы керек деп санаймын. «Кеттің бе – қайы-рыл¬ма!»

Президент өзі айтқандай қаралы қаңтар трагедиясына сол кезде қосбилікті орнатқысы келгендердің де әрекеті себеп болды. Тоқаев Қаңтар оқиғасын биліктегі жоғары лауазымды адамдарға ұнамаған саяси жүйеге ұнамау салдарынан жасалған дүние деп атады. Қасіретті Қаңтар оқиғасы орын алғалы екі жыл өтті. Қоғам бұл дерттен толық айыға қойған жоқ. Қаралы қаңтарға қатысты әртүрлі түсініктеме беріп жатқандар да бар. Бұл орайда ел Президентінің пікір сұралды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Мен бұл туралы көп ойландым, әлі де жиі ойланамын. Меніңше, қасі¬ретті Қаңтар оқиғасына жылдар бойы қордаланған әлеуметтік-эко¬нмикалық проблемалар, жалпы тоқы¬раудың билік пен қоғамды аздырып-тоздыруы себеп болды. Бұл – айтпаса да түсінікті жайт. Мен 2019 жылы Президент болып сайланғаннан кейін мемлекетіміз сая¬си жүйені демократияландыруға, қоғамдық өмірге еркіндік сипат беруге, экономиканы монополиядан арылтуға бет бұрды. Ашығын айтсам, осы жаңа бағдары¬мыз кейбір ықпалды адамдарға мүлде ұнаған жоқ. Олар бұл өзгерісті елімізде әбден тамыр жайған жүйеге және билік құрылымындағы өздерінің «ерекше мәртебесіне» төнген қатер деп қабылдады. Мұндай адамдар елдегі өзгеріске астыртын, кейде тіпті ашық қарсылық білдіре бастады. Ақыр соңында реформаның бетін қайтарып, өздеріне ыңғайлы бұрынғы қалыпқа оралу үшін бәрін тас-талқан етуге шешім қабылдады. Тергеу мәліметтеріне жүгінсек, олар 2021 жылдың ортасына таман да¬йын¬дыққа кіріскен.

Әлеуметтік желіде Президент Конституцияға қатысты референдум өткізіп, 2026 жылы тағы да сай¬лауға түсуді жоспарлап отыр деген қауесетті Тоқаев жоққа шығарды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Бұл – жалған ақпарат. Бұдан былай әркім ойына келгенін істеп, Ата заңға оңды-солды өзгеріс енгізе алмайды. Ал осындай маңызды мәселеге келгенде, тіпті мүмкін емес. Мен бұған нық сенімдімін. Конституциялық реформа Ата заңға қалай болса солай өзгеріс енгізе беру үшін жасалған жоқ. Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді. Мен жетіжылдық бір ғана мерзім туралы идеяны осыдан 15 жыл бұрын жабық пікірталастарда айтып жүрдім. Сол кезде ұсыныс аса қолдау таба қоймады. Өзім Президент болып сайланғаннан кейін идеясын қайта ұсындым. Бастамама бүкіл халық қолдау білдірді. Осымен бұл әңгіме тәмам.

Айта кету керек, 7 жылға сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік өкілеттілігі 2029 жылы аяқталады. Сондай-ақ сұқбатта экономика тақырыбы, елдегі зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілікті қатаңдату, несиеге батқан қазақстандықтардың мәселесі де сөз болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.