Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кемероводағы қайғылы жағдай Оралдықтарды бей-жәй қалдырмады

c 18:47, 28/03/2018 c 986

0:00 / 0:00

Бүгін қала тұрғындары қаралы күн жариялап, РФ-ның бас консулдығы алдына гүл шоқтарын қойып, көрші елдің қайғысына ортақ екендерін білдірді. Ал жүргізушілер авто шеру ұйымдастырып, қоғам назарын мұндай жағдайдың алдын алуға шақырды.

Ресейдің бас консулдығы алдына жиылған тұрғындардың қарасы біртіндеп арта берді. Халық бұл жерге көрші елдегі "Зимняя вишня" сауда үйі өртенгенде қаза болған балалар мен отбасылардың туған-туыстарының қайғысын бөлісу үшін келген. Ешкім де бей-жәй қалмады. Себебі балалардың өмірі-қоғам үшін қымбат. Тұрғындар көздеріне еріксіз жас алды. Сонымен қатар студенттер де көппен бірге аза тұтты.

Гүл шоқтары мен жұмсақ ойыншықтар, ақ және қара түсті шарларға көмкерілген консулдық ғимарат алдында жиылғандар мұндай жағдай қайталанбауы үшін барлық алдын алу шарасын күшейтуді сұрады.

Бала-шағасымен, отбасымен келген халық Ресейдегі оқиғаның зардабын жақсы түсініп отыр. Әлеуметтік желі арқылы келіскен жүргізушілер авто шеру ұйымдастырмақ болды. Алайда қауіпсіздік үшін рұқсат болмағандықтан шеру болмай қалды. Естеріңізге сала кетейік, "Зимняя Вишня" сауда үйінде болған өрт Кемерово қаласында 64 адамның өмірін жалмап кетті. Оның 40-тан астамы балалар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.