Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ КЕҢСЕЛЕРІНДЕ ТІНТУ ЖҮРІП ЖАТЫР»

c 20:10, 14/03/2022 c 291

0:00 / 0:00

Алматы мен Нұр-сұлтан қалаларындағы «Қазақтелеком» АҚ кеңселерінде тінту жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновтің хабарлауынша, Қайрат Сатыбалдыға қатысты "Қазақтелеком" АҚ қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар Сатыбалдының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Ал "Қазақтелеком" –ң басшысы Қуанышбек Есекеевтен куәгер ретінде жауап алынды. Еске сала кетейік, күні кеше Қайрат Сатыбалды Алматы қаласының әуежайында ұсталған еді.

Жексенбінің басты жаңалығы- тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды ұсталды деген ақпарат тез тарады. Мәлім болғандай Сатыбалды Қазақтелеком" АҚ қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеліп жатыр. Сондай-ақ, «Каспий» банкінен салымшылардың қаражатын алып, елден қашпақшы болған Қайрат Сатыбалдыны Ресей Федералдық Қауіпсіздік Қызметі ұстады деген мәлімет тарағанды. Алайда, Қазақстанның жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Сатыбалды Алматы облысының аумағынан Дубайға ұшпақшы болған сәтінде аталмыш агенттік қызметкерлерімен ұсталған көрінеді.

Сондай-ақ, қаражаты жымқырылып отырған "Қазақтелеком"-ң Алматы мен елордадағы кеңселерінде тінту жүріп жатыр. Ал компания басшысы Қуанышбек Есекеевтің жәйі не болмақ?

Қазір уақытша Қайрат Сатыбалды тергеу изоляторында отыр. Бұлтартпау шарасы әлі таңдалған жоқ, - дейді Бектенов. Сондай-ақ, Сатыбалдының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.