Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстанның қарызы 20 трлннан асты

c 18:01, 19/02/2021 c 449

0:00 / 0:00

Қазақстанның қарызы 20,6 триллион теңгені құрап отыр. Бұл жалпы ішкі өнімнің 29,6 пайызын құрайды. Қаржы министрлігінің онлайн алқа мәжілісінде ведомстваның атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары талқыланды. Бас қаржыгер Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, былтыр республикалық бюджет тапшылығы 2,2 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 3,1% құрады.

Бұған дейін Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы 160,9 млрд АҚШ долларын құрады деп хабарлағанды.  Көрсетілген көлем бюджеттің немесе халықтың қаражаты есебінен төленуге жатпайды, өйткені сыртқы борыштың шамамен 80%-ы мемлекет те, қарапайым азаматтар да жауап бермейтін жеке ұйымдардың міндеттемелеріне тиесілі деп сендірді банк өкілді. Ал еліміздің бас қаржыгері Жамаубаевтың мәліметінше, мемлекеттік қарыз 20,6 триллион теңгені құрады.

Ерұлан Жамаубаев – ҚР қаржы министрі -"2021 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік қарыз 20,6 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 29,6%-ін құрады. Бұл белгіленген 50% лимиттен аспайды. Мемлекеттік қарыздын 80%-і – үкіметтің берешегі. Бұл дегеніміз  16,7  триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 23,9 пайызы".

Министрдің айтуынша, республикалық бюджет тапшылығы  да көбейіп, 2,2 триллион теңгені құрап отыр.  Бұған дейін тартылған борыштарды өтеу үшін, өткен жылы 3 триллион теңге қарыз алынған. Министр бюджет тапшылығын жабу үшін сыртқы нарықтан тағы да қарыз алуға тура келіп отыр дейді.

Ерұлан Жамаубаев – ҚР қаржы министрі -«Алдағы уақытта бюджет тапшлығын жабу үшін сырттан қарыз алуға тура келеді.  Сондай-ақ, еурооблигацияларды тарту арқылы және халықаралық ұйымдардан қаражат алу көзделуде»

Қаржы министрлігінің алқа мәжілісіне қашықтан қатысқан вице-премьер Әлихан Смайылов кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынатынын айтты. Осылайша Үкімет салықтан жалтаратын бизнесті толығымен қадағаламақшы.

" Қазір біз қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі жақсы қарқынмен дамып жатқанын көріп отырмыз. Бірақ, біздің алдымызда салық төлеуге міндетті кәсіпкерлердің қызметіне толығымен салық салу міндеті тұр", - деді ол алқа отырысында. Еске сала кетейік, бұл мәселе осыдан бір жарым жыл бұрын көтеріліп, әлеуметтік желіде  тұтынушылардың қалтасы қағылайын деп отыр деген дау туғанды. Бүгінде қолма-қол ақшамен сауда жасау сиреді. Мобильді қосымша немесе банк картасы арқылы төлем жасалады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.