Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ҚУАҢШЫЛЫҚ БОЛАДЫ

c 09:34, 08/07/2021 c 640

0:00 / 0:00

Еліміздің ауа-райын болжаушылары шілде айындағы жағдайды жариялады. Мамандардың айтуынша, шілде айында еліміздің көптеген өңірінде эсктремалды қуаңшылық орын алады. Бұл бидайдың бітік шығуына кедергі болып, жылда жинап алып жүрген астық көлемін едәуір қысқартады. Ақтөбе облысының, Қостанай , Атырау және Маңғыстау облыстарының  жекелеген аудандарында қуаңшылық болады. Қатты құрғақшылық – Ақмола , Ақтөбе,  Қостанай, Солтүстік Қазақстан  және Маңғыстау облысында күтілуде.

Соңғы апталардағы шіліңгір ыстықтың салдары мол егін жинауға мүмкіндік бермейді. Астық аз шықса, ұн мен нанның бағасы шарықтайтыны сөзсіз. Егістіктіге шөп түгелімен қурап қалған.Малға беретін шөп  жоқ. Жаздың ортасы болмай жатып сары далаға айналды. Шаруалар қиналып қалып жатыр. Ресми мәліметке сүйенсек, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында 200 мыңнан астам мал қырылып қалды. Енді шілденің де тосын сыйы жоқ емес. Синоптиктер бірқатар облыстың жекелеген аудандарында эстремалды қуаңшылық болады деп отыр.

ЕРБОЛАТ МҰҚАНОВ - "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК БАСҚАРМА БАСШЫСЫ «Маңғыстау, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында шілде айында құрғақшылық болады. Осы аталған облыстардың жекелеген аудандары бойынша ауа-райын байлынысты экстремалды қуаңшылық орын алады»

Мұның бәрі климаттың өзгеруінен орын алуда. Көктем-жаз, жаз-күз айларындағы құрғақшылық өте қауіпті. Себебі, бұл егін егіп, астық жинайтын уақыт.

ЕРБОЛАТ МҰҚАНОВ - "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК БАСҚАРМА БАСШЫСЫ «Шілде айы бойы құрғашылық  болады. Бұл қауіпті, себебі шілденің соңында тамыздың басында егін жинау науқаны басталады. Бұл биыл астық шығуын едәуір қысқартады »

«Қазгидрометтің» қызметкерлері ауыл шаруашылық министрлігіне ауа-райы болжамын жолдап отырады. Өз кезегінде министрлік әкімдіктерге жібереді. Яғни шенеуніктер өз өңірінде бір ай бойы қуаңшылық болатыны жайында хабардар. Алайда, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында мал жаппай қырылып жатқанда жергілікті әкімдіктің шарулармен оның алдын алу жұмысын жүргізбегенін  байқадық.  Парламент депутаттары бұл өңірлерде төтенше жағдай жариялауды да ұсынған болатын. Депутаттар  елде әлі күнге дейін малдың жем-шөбін қамту мәселесі бір жолға қойылмағанын айтып сынағанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.