Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАН ОРАЛЫП ЖАТЫР

c 18:35, 09/02/2023 c 72

0:00 / 0:00

Қазақстандықтардың екінші тобы Түркиядан елге оралды. Сыртық істер минситрлігінің хабарлауынша, Түркиядан тағы Қазақстанның 42 азаматы және Қырғызстанның 22 азаматы эвакуацияланды. Ал бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады. Министр Президентке Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндады деп хабарлайды Ақорда.

Жойқын жер сілкінісінен Түркияның 10 провинциясы зардап шекті. Қаза болғандар саны 12 мың адамнан асты. Бұл жағдай Түркиядағы қазақстандықтардың елге оралуына әкеп соғып отыр. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Түркиядан тағы Қазақстанның 42 азаматы және Қырғызстанның 22 азаматы эвакуацияланды. Бүгін Астанаға келіп қонған ИЛ-76 ұшағымен 64 жолаушы келді. Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген.

РОМАН ВАСИЛЕНКО – ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Түркиядағы елшіміз бен консулдық түгел қайғылы жағдай орын алған жерге барды. Олар сол жердегі қазақстандық құтқарушыларға және құтқару жұмыстарына қолқабыс жасап жатыр».

Ал бұған дейін Түркиядан 16 қазақстандық пен екі Қырғызстан азаматы эвакуацияланған болатын. Олар 8 ақпанда Төтенше жағдайлар министрлігінің бортымен келген еді. Ақорданың хабарлауынша, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бас құтқарушысы Юрий Ильинді қабылдады. Министр Ильин Президентке Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндап берді. Қазақстандық құтқарушылар Түкриядағы жер сілкісіні салдарын жою, үйінділер астында қалғандарды іздеп, құтақру жұмыстарын жоғары кәсібилікпен атқарып жатыр деді министр. Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылған. Сондай-ақ, Президент Тоқаев ел Үкіметіне Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға да гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды,- деп хабарлайды Ақорда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.